Еңбек туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 295
Жұмбақтар жинағы: 5
Балаларға арналған тақпақтар: 46
Ақын өлеңдері жинағы: 129
Жаңылтпаштар жинағы: 8
Қанатты сөздер жинағы: 148
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 33
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 19
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 6
Эсселер жинағы: 5

Шыдамды еңбек, алғыр ой,Анық досың біліп қой
©  Самет Оқанұлы
Еңбектің наны – тәтті,Жалқаудың жаны – тәтті
©  Самет Оқанұлы
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,Егін екпесең, жерге өкпелеме
©  Самет Оқанұлы
“Нені ексең, соны орасың. Еңбегі бардың, өнбегі бар”.
©  Самет Оқанұлы
Еңбек егінде (ескерусіз) қалмас.
©  Түркі халықтары
Еңбек туралы
Есің барда етегіңді жап,Қайратың барда мал тап.Ерді еңбек жеткізер.Жан қинамай жұмыс бітпес,Талап қылмай мұратқа жетпес.Тере берсе тезек те..
©  Дихан Қамзабекұлы
Шыдамдылық пен еңбек барлығын жеңеді
Аң алмайтын жаман құс – ат еңбегі, Абылайдан басқа төре – ет еңбегіҚазақ жұртында мақал болып қалды: "Аң алмайтын жаман құс – ат еңбегі, Абылайдан..
Кінәсінен жазаланады, еңбегі үшін марапатталады.
Қылмысына қарай жазасы,Еңбегіне қарай олжасы.
Еңбегің болмаса жеріңе өкпелеме, қосқан үлесің болмаса еліңе өкпелеме.
©  Естеу ЖҮНІС
Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей
Еңбексіз тоғаннан балық ала алмайсыз.
Еңбек ет те, міндет ет. 
Көп еңбегі — көңілді. 
Еңбегің сайлы болса,Ішің майлы болар. 
Еңбек ет те мақтан,Ойнап-күл де шаттан. 
Еңбек — ширатады.Өмір — үйретеді. 
Кетпен шауып өлгем жоқ,Кемтаршылық көргем жоқ.Таңмен таласа тұрғанныңТалай ісі бітеді.Тал түске дейін жатқанныңТалай ісі кетеді? 
Еңбек пен бақыт егіз. 
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады.Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 
Рысты еңбек етіп,Жерден сұра,Жерге аққан ыстық,Мөлдір терден сұра.