Тәрбие туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 236
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 122
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 33
Шығармалар жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 21

Тәрбие туғанда басталып, өлгенде бітеді
©  Самет Оқанұлы
Тәрбиелі бала тілін жөндидіТәрбиесіз бала дінін білмейд 
Тәрбиелілікті базарда сатып ала алмайсың.
Тәрбие тал бесіктен 
Балаңды аясаң - аяма. -Қазақ халкы
Баласы жоқ адамдар, балаларды жақсы тәрбиелейді.
©  Еврей халқы
 Атасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды.
©  Естеу ЖҮНІС
Балаға ұрса беру ақыл емес, тамақты жатып ішу пақыр емес.
©  Естеу ЖҮНІС
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.
Балаңды ордаға бер, немесе молдаға бер.
Атасыздың аты шықса,
Асу сайын із салар.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.
Бала - дүниеге әкелгендікі емес, тәрбиелегендікі.
Баланы – жасынан,
Қатынды – басынан.
Ғалым тәлімін өзінен бастасын.
Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Тең теңімен, тезек қабымен.
Ғалым алдында аузыңды тый.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе,
Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.
Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
Көргенді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.