Азық туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 17
Ақын өлеңдері жинағы: 7
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 6
Әңгімелер жинағы: 1

Жаяудың аты – шарық, күші – азық.Бұл мақал ұзақ сапарға шыққанда осы екі нəрседен жапа шекпеу үшін алдын ала дайындық жасап алудың қажет екенін..
©  Түркі халықтары
Ауылда лақ туса,Арықта оты өнер.(Арық – өріс, от – шөп мағынасында).Бұл мақал азық пен ырыздық үшін өте көп қайғырудың қажеті жоқ дегендіуағыздайды.
©  Түркі халықтары
МАИ инспекторының азығы – жолда.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бөтеннің азық-түлігі жұтқыншаққа жарамайды.
Өнер-білім ердің азығы, ер елдің азығы.
©  Естеу ЖҮНІС
Жазда шөпті жинасаң,Қыста мал азығыЖазда сөкті жинасаң,Қыста бала азығы. 
Қыс азығын жаз жина. 
Хан – халықтың қазығы,Қараша – ханның азығы. 
©  Майқы би
Азықсыз адам алысқа бармайды.
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.
Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығынды тауыспа.
Баталы сөз - балаға азық.
Құр алғыс азық болмайды.
Ұры азығы мен бөрі азығы.
Бөрі азығы жолында,
Ер азығы қолында.
Малды тауысайын десең пұл қыл,
Азығыңды тауысайын десең, ұн қыл.