Аспан туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 20
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 364
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 4
Баталар жинағы: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 14
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Сіз өзеннен суды шелекпен ала алмайсыз, аспаннан кемпірқосақты қолыңызбен ала алмайсыз.
Аспандағы шамның жарығы алысқа түседі.
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Әділ заң — аспан тірегі.
Ауырғанның бәрі өле берсе,
Аспан асты бос қалар.
Ат аспаннан, нұр пейіштен (ұжмақтан).
Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.
Аспаннан не түспейді,
Жер нені көтермейді.
Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.
Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.
Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.
Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.
Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.
Жер – төсек,
Аспан – көрпе.
Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.
Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.