Бөрік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Жұмбақтар жинағы: 4
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 10
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 1

Татсыз түрік болмас,Бассыз бөрік болмас. (Тат – оңбаған, арамза, опасыз деген мағынада).
©  Түркі халықтары
Басы аман болса, бөрік табылады.
Басы бүтін болса-бөрік табылады
Заманың қалай болса,Бөркіңді солай ки.
Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.
Бас сау болса, басқа бөрік табылар.
Бөрік бассыз болмас.
Я басқа бөрене тиеді,
Я бөрік киеді.
Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.
Бөрік – басқа көрік.
Бас — бөріктің қалыбы.
Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.
Бөріктінің намысы бір.