Аз туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 34
Ақын өлеңдері жинағы: 13
Қанатты сөздер жинағы: 10
Туындылар: 1

Елдің баласын көп көрме, көп көрсең аз көрме!
Азды алмаған, көптен құр қалар.

Қанағатшылық – жақсы қасиет. Адамдардың өз бағын өзі байлайтыны осы қанағатсыздықтан. Кейбір адамдар аз..
©  Гүлтас Құрманбай
Аз қайғыны ас басады, Көп қайғыны дос басады.

Аз қайғы, көп қайғы дегенді қалай түсінесіз? Аз қайғыны неге ас басады?
Досыңыз қайғырғанда қол..
©  Гүлтас Құрманбай
 Аз жұмыс істеген адам көп мақтанады.
  Жақсы нәрсе – аз-аздан.
Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.
Әкім көп беріп, аз алатын болсын.
Аз асын аяған
Көп астан құр қалар.
Аз бергенді көп көріп,
Көп бергенді көргенмін.
Қарындасты қас көріп,
Топ көргенді көргенмін.
«Аз екен» деп жауыңа мұрсат берме.
Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.
Аз от алауласа, шаһар өртейді.
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
Аз-аздан жиналса, көп болады,
Көп аздан жиналады.
Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.
Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің,
Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің.
Айдап салдан аз өлді,
Көре келден көп өлді.
Аздың ашпыз дегеніне нанба,
Көптің тоқпыз дегеніне нанба.
Азды көпке қосқан сауап.
Аз асқа табақшы болма.
Азға-азды қоса берсең аз-аздан,
Ол аз кейін көп болады орасан.
Аз болса, жетеді,
Көп болса, кетеді.
Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
Жасықтың көбінен де
Асылдың азы артық.
Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.