Қар туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 21
Жұмбақтар жинағы: 41
Балаларға арналған тақпақтар: 30
Ақын өлеңдері жинағы: 220
Жаңылтпаштар жинағы: 10
Қанатты сөздер жинағы: 6
Әңгімелер жинағы: 19
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 2
Шығармалар жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 1

Құзда қар ерімес,Қойда май ерімес.
©  Түркі халықтары
Қардың басын қар алады, ханның басын хан алады"Қардың басын қар алады, ханның басын хан алады" деуші еді.("Абылай хан туралы аңыздар". Бабалар сөзі...
Жалқау үшін жаңбыр жауып, қар жауады.
Бәрі де АҚ нәрсе , қар емес.
Қар жауады - иттерге қуаныш, ал Торғайдың асқазаны ашуға толы.
Қыста мен саңырауқұлақтарды жер едім, бірақ қар терең.
Қыс өтіп, қар жауады, не егілді-көтеріледі.
Қалай жуынсаңыз да, сіз қардан да ақшылдау болмайсын.
Қара жерге қар жауар,Қарды көрген бір мұрат.Қара жерден қар кетер,Жерді көрген бір мұрат. 
Борансыз қар жаумайдыТұмансыз жел тұрмайды.
Су байлық —Алты айлық.Қар байлық —Үш айлық. 
Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
Жылылық болмай қар кетпес.
Тезек қарда жатпас,
Жаман жақсымен араласпас.
Тау теріскейінен қары азаймас,
Қоңыр қойдың қоңы азаймас.
Үйінің төбесі жалпақтың,
Үйілген қары да мол.
Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған нұр.
Қардан аппақ нәрсе жоқ,
Ұстасаң қолды тоңдырар.
Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.