Қазына туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 14
Ақын өлеңдері жинағы: 26
Қанатты сөздер жинағы: 18
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 7
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 3

Сөз қуған пәлеге жолығар,Шаруа қуған қазынаға жолығар
©  Самет Оқанұлы
Жаздың жемісі-қыстың қазынасы.
Жақсы есім бүкіл әлемнің қазынасынан қымбат.
Жер ­ қазына, су ­ алтын.
Дүниежүзінде ауызсу мәселесінен үлкен мәселе жоқ. Кейбір елдер ауызсуды басқа елден сатып алып ішіп отыр. Ал..
©  Гүлтас Құрманбай
Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. 
©  Әлішер Науаи
Шыдамдылық — өмiр бойына берiлетiн қазына.
Келісті келбет ерде бар,
Қымбатты қазына жерде бар.
Қатын оңса - қазына, оңбаса - қаза.
Қазынасын қарақшыға күзеттірді.
Ел қариясы - ел қазынасы.
Ит — жеті қазынаның бірі.
Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған бәлеге жолығады.
Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.
Кітап - алтын қазына.