Аю туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 9
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 19
Ақын өлеңдері жинағы: 18
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 5
Ертегілер жинағы: 10
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 5

Аңшы қанша айла білсе,Аю сонша жол білер.Бұл мақал əккі, өте тəжірибелі екі адам бір-бірімен айтысып, дауласып, ерегісіпқалғанда айтылады.
©  Түркі халықтары
Аю баласын «аппағым» дер,
Кірпікшешен баласын «жұмсағым» дер.
Аюдан қорықсаң,
Тоғайға отынға барма.
Аю апанын тілейді,
Жақсы баланы тілейді.
Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,
Аю құтылудың сонша айласын жасайды.
Ақырған аюдың ала тонын сатпа.
Аюдан жұлған жүн – олжа.
Аюдың апанында да жүзім кездесер.
Дәмеленсең баюдан.
Қыл алып қал аюдан.