Айып туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 17
Қанатты сөздер жинағы: 11
Әңгімелер жинағы: 4

Жақсы киіммен ішкі айыптар бүркенеді.
Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.
Әкім болсаң, қызметші ал,
Ол — сенің аяғың, аяғыңның айыбына көз боп жүр.
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.
Ақылды ер адамнан айып іздемейді,
Өнер іздейді.
Адам баласы айыпсыз болмас.
Ұрысы күшті болса, иесі айыпты болады.
Айтып қылған істің айыбы жоқ.
Өз айыбын – буға,
Өзгенікін тауға теңейді.
Жоқшылық та – мың айып.
Кімді кім басқаның айыбын саған айтса,
Сенің айыбыңды басқаға айтады.
Кешіру – айыпты өшіру.
Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта,
Өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір.