Өнер туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 169
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 165
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 119
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 28
Ертегілер жинағы: 4
Шығармалар жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Керек тастың ауырлығы жоқ.
Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса.
Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.
Олақтан салақ жаман.
Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.
Темірші көміршіге үйір.
Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың ізін тап.
Өнер көзі — халықта.
Тігіншіні инесі асырайды.
Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.
Жігітке жетпіс өнер де аз.
Өнерді үйрен де жирен.
Ұзынсыз қысқа болмас,
Үлгісіз ұста болмас.
Қолы жатықтың
Ішкені қатық болар.
Өнерлінің өрісі ұзақ.
Мылтығыңның күмісін айтпа,
Тиісін айт.
Ұстамен жақын болсаң
Ұстарасын аларсың.
Мүттайыммен жақын болсаң
Пәлесіне қаларсың.
Жібекті түте білмеген жүн етер,
Қызды күте білмеген күң етер.
Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді.
Бала соққан кездіктің
Басы жарық.