Тау туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 63
Жұмбақтар жинағы: 7
Балаларға арналған тақпақтар: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 437
Жаңылтпаштар жинағы: 10
Қанатты сөздер жинағы: 18
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 25
Поэмалар: 3
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 5
Эсселер жинағы: 1

Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.
Ақсақ та аулында ақсайды.
Екі тау қосылды десе - нан,
Екі бұзық түзелді десе - нанба.
Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Әркімнің шыққан тауы биік.
Тауды, тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
Аттың көркі
Құйрық-жалы, құлағы.
Таудың көркі
Тасы менен бұлағы.
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
Ел жасымен көрікті.
Тау тасымен көрікті.
Аяқ асымен көрікті.
Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.
Асқар тау алыстан көрінеді.