Көп туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 41
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 34
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің,
Көп болдыдеп қуанба, зая болса қайтесің.
Ақылды кісінің белгісі - аз сөйлеп, көп тыңдау.
Азды алмаған, көптен құр қалады.
Көпсінген азға жегізер.
Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
Ісім жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.
Көп шайнаған
Қартаның дәмі болмас.
Сайда саны көптің
Қырда шаңы көп.
Көп ауыз біріксе,
Кере ауыз жоқ болады.
Көп асқанға —
Бір тосқан.
Көпке ұнамаған
Көбеймейді.
Көп қарғысына ұшыраған
Көгермейді.
Көппен жүрген көңілді,
Көп түзетер кеміңді.
Шөп те болса, көп болсын.
Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.