23.05.2022
  142


Автор: Сергей Есенин

Ай қарайды әйнектен, жел желпиді жәй леппен...

Ай қарайды әйнектен, жел желпиді жәй леппен,
Жапырағы әндеткен тал-теректен сән кеткен.
Ән келеді түз жақтан, жан-денені сыздатқан.
Түннен гөрі мұздатқан керек еді бізге ақ таң...
Көктегі алтын сарайдай жан-жағына қарайды Ай.
Әрі ойнақы, әрі ойбай, ән өн бойға тарай ғой.
Ұғынғанға ұнамды, мен де айтқанмын бұл әнді,
Талша бойлы құрбымен, тарқатқанмын
құмарды.
Сидаң бұтақ сыңаймын, енді кімге ұнаймын?
Өзгелердің әніне, күліп тұрып жылаймын...





Пікір жазу