Қара, досым....
Қара, досым, көктем кептi қалаға,
құстар кептi...
Қалай ғана сезбегем?!
Құйылардай көктен бiр күй санаға,
қызғанардай қайың бүрiн өзгеден.
Ерiп, балқып бара жатыр тез денем,
көрiп түнгi көшелердiң мәрмәрiн.
Бұрын қалай байқалмаған?!
Сезбегем?
Менi тосар Ай астында ән барын?!
Мына көктем өзгешелеу өзгеден,
жыр ма жаңа?
Менiң күткен жасым ба?!
Кеудем толқып, аспанымды кездi өлең,
тiзгiн бермей ақ жаңбырға, жасынға.
Неткен сұлу! Неге ертелеу сезбегем?
Ойды арбайды
қайың, көше түн құшқан.
Қаритындай тамырымды, көздi өлең,
саз тербейдi жүрегiмдi үн қысқан.
Атағы жоқ Есениндер... Жын қысқан...
Жаңғырады жатақхана өлеңi.
Менiң жиырма жасым мұң құшқан...
Түн ортасы...
Көше бойлап келедi.
Жауындатып келедi,
дауылдатып келедi,
ән-жыр кешiп келедi,
жаңбыр кешiп келедi,
желп-желп етiп желегi,
менiң жиырма жасым келедi...
сәуiр, 1967 жыл.