14.03.2022
  128


Автор: Нұрлан Оразалин

«Күз келді», дейді...

«Күз келді», дейді
Тәңіртауымның аспаны,
барады маңып
көкпенен қара, сұр бұлттар...
Жұлдыздар сирей бастады,
ұйқысын ашты
базары қашқан сұрғылт таң.
«Күз келді», дейді
жыртылған ойдың парағы,
таңменен тұрып,
кәрі атам неге қиналды?!
Тырнаның үні
жетелеп жазды барады,
көңіл төрінде күй қалды...
«Күз келді», дейді
мұңайып қыздың жанары,
жаңбырын суық төккен көк.
Тырналар көкте
«тыраулап» ұшып барады,
Тәңіртауыма
оралу үшін көктем боп...
қараша, 1967 жыл.





Пікір жазу