14.02.2022
  103


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚҰШТАРЛЫҚ

Жайыр саған қалдырдым,
Жақсы өлең мен жайдары əн.
Көрдім өнер сан қырын,
Күнді өткізіп айлаған.
Қарттарың да баладай,
Басын иіп алдым да.
 Құшақ ашты жағалай,
Құрмет қылып жаныма.
Көңілімнен бұлт тарап,
Еріген соң тоңдары.
Сырдаң тартып, сырт санап,
Отырмадым мен дағы.
Ауасындай Жайырдың,
Сендім тазалығыңа.
Шабындықтай жайылдым,
Шабыттанып қырыңа.
Қазақстан күйлерін,
Қайта-қайта тартқызды.
Қазақстан əндерін,
Қайта-қайта айтқызды.
Айрылғандай жүрегі
Бірі қатты күрсінді.
Шыдай алмай біреуі,
Шылымына ұмтылды.
Көңілі толды бəрінің
Болдым ба əлде Əсеті.
Дыбыс таспаларының,
Толды талай кассеті.





Пікір жазу