14.02.2022
  124


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚОС БОСАҒА

(Академик ерлі-зайыптылар Серік пен Əлияға)
Бірің оң,
Бірің сол жақ Босаға боп,
Бас қостың.
Бақыттылық осы ара деп.
Сеніммен Болашаққа аттанғанды,
Қарсы алды қақ жарылып қош ала кеп.
Дос қылып,
Туыс қылып көріскенді,
Бар-жоқты ортаға алып бөліскенді.
Үмітпен құшақ ашқан шəкірттерге,
Ұстаздық ұлы ықылас өрістелді.
Біріне екіншісі сай ұстазым,
Білімнің желісінен тай ұстадым.
Құлпыртып құрметтің асыл нұры,
Қондырып омырауға Ай ұстадың.
Барласам, ұстаздардың көзінде ой көп,
Тербейді ақын жанды сезімдей от.
Қос орден жылы ұшырап баулай берді,
Құрметті Отанның өзіндей боп.
Жұлдызды қос ұстазым!
Қос босаға
(Биіктің сеңгірінен тосты осы ара).
Секеңе серік болған жан жеңеше,
Қайныңа жүре берші дос боп дана!
Қараймын!
Басты шайқап, таңдай қағып,
(Талайлар өшті бықсып, жанбай жатып).
 Бейнеттің зейнеттері осы екен -ау,
Осындай болу шіркін, қандай Бақыт!





Пікір жазу