13.02.2022
  140


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АҚҚУ

Самалға төсеп сауырын,
Қара көздері мөлдіреп.
Айналып аспан бауырын,
Айдынға аққу қонды кеп.
Бауыры аппақ, жоны аппақ,
Ару құс жүзді мақтанып.
Тұрғандай көлге қонақтап
Біршөкім ғана ақша бұлт.





Пікір жазу