03.04.2023
100
Жорғаторғай
«Жорғаторғай, жорғалап
Тағы нені шұқыдың?
Қорықпа бізден қорғалап,
Тарат емен тұқымын!
Орман-тоғай, жерім көп,
Аралап қайт қиянды.
Жеміс-жидек теріп жеп,
Құрттарды құрт зиянды!»
Деп ем, ұша жөнелді
Жорғаторғай жай ғана.
Аралайды ол елді,
Тұқым сеуіп айнала.