Аңдар, үй жануарлары

 Аңдар, үй жануарлары

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

Түлкі түгінен жазады.

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.

Арыстанның аузында, Түрікпеннің түбінде.

Қаршығалыға қоян кездеспейді,
Жарақтыға жау жолықпайды.

Мысықтың мәулені мияулап туады.

Жанынан безген мысық
Жолбарыстың көзін тырнайды.

Өлік шыққан үйдің алдында арыстан жатады.

Асықпаған арбамен қоянға жетер.

Арыстанда бір кісінің күші бар,
Қырық кісінің жүрегі бар.

Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар,
Қырық кісінің күші бар.

Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Құнанның жайылымы бір, жусауы басқа.

Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.

Қой еті – қоян еті.

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан тұңіл.

Аюға намаз үйреткен таяқ.

Бір түлкі жеті бөріні алдайды.

Бөлінгенді бөрі жейді.

Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан.

Бір есек қырық түйені жетелеп, жолдан шығарып әкетеді.

Тышқанның тәңірі - мысық.

Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.

Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды.

Мысық та жолбарысша қуанады.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру