Болат Кенішбаев (Қымыз)

 Болат Кенішбаев (Қымыз)

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев
Ән жазуға ат салысыңыз
Қазақтың халық әндерінің мақамына, әуеніне салып орындаған: Ғ.С. Болатбекова


Қымыз ішсең көңілің жай табады.
Қымыз ішкен адамдар ойланады.
Қымызды баяғыда ойлап тапқан,
Қазағыма бүкіл ғалам таң қалады.

Қайырмасы:
Қымыз іш көтер рухыңды.
Өткізбе бекер ғұмырды.
Қазағымның қымызы,
Зәмзәм суы шипалы,
Көтереді рухыңды.
Қазағымның қымызы,
Зәмзәм суы шипалы,
Көтереді рухыңды.

Ішсең сусын, ауырсаң ем болады.
Қандай сусын қымызға тең болады.
Бұл сусын ата-баба аманат қылған,
Қымызбен дастарханың мол болады.

Қайырмасы:
Қымыз іш көтер рухыңды.
Өткізбе бекер ғұмырды.
Қазағымның қымызы,
Зәмзәм суы шипалы,
Көтереді рухыңды.
Қазағымның қымызы,
Зәмзәм суы шипалы,
Көтереді рухыңды.

Сүтті бие жүргенде тайпалады.
Сары қымыз күбіде шайқалады.
Бал сусын аналар дайындаған,
Қымызбен өмір гүлі жайқалады.

Қайырмасы:
Қымыз іш көтер рухыңды.
Өткізбе бекер ғұмырды.
Қазағымның қымызы,
Зәмзәм суы шипалы,
Көтереді рухыңды.
Қазағымның қымызы,
Зәмзәм суы шипалы,
Көтереді рухыңды.
Көтереді рухыңды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру