Олимпиада ойындары туралы қызықты деректер

Олимпиада ойындары туралы қызықты деректер

Осыдан 66 жыл бұрын, Халықаралық Олимпиада комитеті 23 маусым күнін, «Халықаралық Олимпиада күні» деп жариялаған. Себебі көне Элладаның мәдени өмірімен тікелей байланысты Олимпиада ойындары 1894 жылы осы күні қайта құрылған болатын. Осы аталған күнге орай, www.zharar.com порталы Олимпиада ойындарына қатысты қызық деректерді ұсынады.

  • Көне Олимпиада ойындары Грекияның Олимп тау сілемдерінде өткізілгендіктен солай аталған.
  • Алғашқы Олимпиада ойындарында жалғыз спорт түрі ғана болған. Ол кейіннен Марафон аталып кеткен қашықтыққа жүгіру.
  • Алғашқы ойындардың әділ өтілуі үшін қатысушылар жалаңаштанып жарысқан.
  • Ең алғашқы атлеттер тек ер адамдар болған. Сәйкесінше, әйелдер спорттық жарыстарда жалаңаштанған ерлерді көруге тыйым салынған.
  • Кейбір әйелдер ойындарға өте-мөте қызыққандықтан, ерлерше киініп амфитеатрларға білдіртпей кіріп кеткен екен.
  • Көне Олимпиаданың 7 ойындарында алғаш рет жеңімпаздарға зәйтүн ағашының бұтақтарынан өрілген шеңбер кигізілген.
  • Тарихи еңбектерге сүйенсек, біздің заманымыздың 393 жылы император Теодозис ешбір себепсіз Олимпиада ойындарының өткізілуіне тыйым салады екен.
  • 1890 жылы Пьер де Кубертен есімді француздың арқасында 1500 жыл үзіліп қалған Олимпиаданың заманауи келбеті қайта ашылады.
  • 1894 жылы Халықаралық Олимпиада Комитеті құрылады.
  • Ал 1896 жылы Олимпиада ойындарының жаңа қарқыны Грекияның Афина қаласынан бастау алады.
  • Олимпиада тарихында дәстүрге айналған тұңғыш  ашылу салтанатын ағылшындар ұйымдастырады.
  • Олимпиада алауы Пелепоннес түбегіндегі Олимп таулы бөктерінде айнаны күнге шағылдыру арқылы алынады. Сол жалындаған от бүгінге дейін үзілмей жалғасын тауып келуде.
  • Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы мемлекет ашылу салтанатында соңғы болып кіреді.
  • Алғашқы әйел қатысушы 1928 жылы Амстердамда тіркелді.
  • Дәстүрге орай гректер жалпы Олимпиаданың құрылтайшылары болып, ашылу салтанатында бірінші болып шығады.
  • Лондонда болған Олимпиада ойындарында тұңғыш рет әйелдер спорттың барлық түрінен қатысты.
  • Ал әйелдер боксы Олимпиада ойындарының тізіміне Лондонда енгізілді.
  • 2012 жылы өткізілген Олимпиадада Никола Адамс есімді британдық спортшы бокстан әйелдер арасындағы алғашқы алтын медальға ие болды.
  • 1956 жылы болған жазғы Олимпиада ойындары қараша айында басталды. Себебі өткізетін қала, Мельбурн, оңтүстік полюсте орналасқандықтан, жаздың мезгілі ауысып кетті.
  • 1908 жылы мәнерлеп сырғанау мен 1920 жылы мұзды хоккей жазғы Олимпиада ойындары ретінде өтті.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев, дереккөзі

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру