Әлемді биология арқылы таны


Сыныптан тыс жұмыс. Ұйымдастырушы: химия-биология пәні мұғалімі   Ұ.Оспанова

Қатысушы сыныптар: 8-сынып оқушылары

Болатын уақыты: 20 қазан. 2020 жыл. Сағ: 10-30

 

Тақырыбы: «Әлемді биология  арқылы таны»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік : Биологиядан алған  білім деңгейлерін анықтау, биология пәніне   қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Дамытушылық: Пандемия кезеңінде сақтық шараларын сақтай отырып, қашықтан оқуға бейімділіктерін, коммуникативтік белсенділіктерін арттыру.

 

Тәрбиелік  Қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

 

Формасы: Онлайн форматта, ZOOM платформасы арқылы сайыс

 

Әдіс – тәсілі:  сұрақ-жауап, логикалық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар

 

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

         ІІ.Сайысқа қатысушыларды таныстыру

8 «А» сыныбы –

8 «Б» сыныбы –

8 «В» сыныбы –

8 «Г» сыныбы –

         ІІІ. Сайыс турларымен таныстыру

  1. «Кім жылдам?»
  2. «Не артық?»
  3. «Қалай ойлайсың?»
  4. «Сен білесің бе?»

І «Кім жылдам?»  турында  әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай

Сұрақтары:

1.Ядро қабықшасы қалыптаспаған жасушалар? (прокариоттар)

2.Суретте қандай организмнің жасушасы бейнеленген? (өсімдік жасушасы)

3.Суретте қандай процесс бейнеленген? (фотосинтез)

4.Нейрон жасушасының ұзын өсіндісі (аксон)

  1. С6Н12О6 – қандай заттың химиялық формуласы (глюкоза)

ІІ «Не артық?» бұл турда  биологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір классқа, бір отрядқа, бір тұқымдасқа жататын  жануарлар немесе өсімдіктер суреттері беріліп бір сурет артық болады, оқушы артық суретті анықтайды және неге артық болғанын түсіндіруі тиіс.

ІІІ «Қалай ойлайсың?»  бейнелі логикалық сұрақтар

  1. Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына ________километр жылдамдықпен жүгіре алады. (95 км)

2.Чау-чау тұқымдас иті өзге иттерден тілінің ________________ ерекшеленеді.  (қаралығымен)

      3.Керіктің мойыны адамдардан әлдеқайда ұзын екені бәрімізге мәлім,              алайда оның да мойын омыртқасының саны  _________  (7)

4.Қолтырауындар тас жұтқанды жақсы көреді, нәтижесінде, асқазандары жақсы жұмыс жасап, тас олардың ___________________________ көмектеседі.  (су түбіне тереңдеуіне)

ІV «Суретті тест»

1.Жер бетінде  ешқашан өлмейтін жәндік бар екен, ол тіршілік циклы аяқталған кезде теңіз түбіне бекініп қайтадан полиптерге айналады, ол қандай жәндік?


V «Сен білесің бе?»

Оқушыларды қосымша ақпараттармен таныстыру.

Қорытынды: Сайыс жеңімпаздарын анықтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу