Бағдарламашы

Бағдарламашы

Бағдарламаларды өңдеу, олардың таралуы, компьютердің барлық құрылғыларының дұрыс пайдалануы – өте күрделі процесс. Сондықтан компьютерлер операциялық жүйе деп аталатын бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде жабдықталған. Операциялық жүйелер жай интерфейс пайдаланылған бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Және барлық құрылғыларды басқару жұмысын атқарады. Операциялық жүйелер компьютердің аппаратты жабдықтарымен қолданылатындар арасындағы интерфейс есебінде сипатталуы мүмкін. Сонда операциялық жүйе дегеніміз – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Операциялық жүйе – адам мен компьютер арасындағы байланысты жүзеге асыратын ең басты және ең алғаш программа болып саналады. Ол басқа бір программалар жіберетін сигналдарды қабылдап, оны машина тіліне – түсінікті тілге «аударады». ЭВМ-нің операциялық жүйесі: – қандай да бір бағдарламалау тілдерімен байланыссыз автономды ортаны бейнелейді; – нақты аппараттық платформада жұмыс істейді, мысалы, ІВМ РС (бір платформа үшін бірнеше операциялық жүйелер бар болуы мүмкін); – қосымшалар деп аталатын нақты қолданбалы бағдарламалардың жұмысын басқарады. 25 Операциялық жүйе файлдары жүйелік дискіде сақталып, компьютерді іске қосқанда оперативті жадқа дискіден автоматты түрде жүктеледі. Оның негізгі қызметі – программаларлардың бірі-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істуі кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдалушының программасын іске қосып, оны орындау т.б. Яғни операциялық жүйе – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты дискіде сақталып қойылады. Сондықтан операциялық жүйені дискілік операциялық жүйе (DOS) деп те атайды Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман. Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады. Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әртүрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қамтамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды. 26 Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады. Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді. Бағдарламашылардың IT-компаниялар мен Web-студияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, жеке бағдарламашыны қажет ететін компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себепті өзін-өзі оқыту ең басты қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де – ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру