Мектеп өмірі (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

 Мектеп өмірі (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы.
Сабақ тақырыбы: Мектеп өмірі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.4.3.1 Адамдардың өзіне қарым- қатынасын мойындау, түсіну және бағалау
2.4.3.1 Мектеп қоғамдастығының маңыздылығын түсіну және мектеп ұжымының барлық мүшелеріне құрметпен қарау
2.4.2.1 Мектеп ұжымының барлық мүшелеріне құрметпен қарау
2.4.2.2 Мектеп, сыныптың және сыныптан тыс өміріне қатысудың маңыздылығын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
Өз мектебін біледі. Мектеп қоғамдатығының барлық мүшелеріне қрметпен қарауды түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Сыныптан тыс үйірмелерге қатсудың маңздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады:
Өз ойын тұжырымдап, дәлелдей алады.

(Ұ) Оқушыларды шеңбер құру.
Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
Жалғасын тап ойыны:

(Ж) Жұппен жұмыс. Жұптасып төмендегі сұрақтарға жауап беріп көр.
Сен мектепке қашан келдің?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Нешінші партада отырасың?
Мұғалімнің аты-жөні кім?
Сендерде ертең неше сабақ болады?
Сенің досың сабаққа келді ме?
Мектепте сабақ нешеде аяқталады?

(Ұ) Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта»
1. Мектепте оқушыларды мұғалім.......
2. Математика сабағында.........
3. Қазақ тілі сабағында..........
4. Дүниетану сабағында....
5. Дене тәрбиесі сабағында........
6. Информатика сабағында..............
(Ұ) Мектеп ішіне саяхатқа шығамыз.

(Т) Топпен жұмыс. Төмендегі сұрақтарға жауап ретінде постер құрастыру.
1.Мектепте кімдер жұмыс істейді?
2.Мектепті кім басқарады?
3.Сынып ұжымына кімдер кіреді?
4.Мектеп ұжымына кімдер жатады?
Мектебім - айтар әнім
Сан рет қайталадым
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын
Мәңгілік оқушың боп
Қалуға ұялмаймын..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру