Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 көпбұрыштың, дөңес көпбұрыштың анықтамаларын, көпбұрыш элементтерін білу;
8.3.1.2 көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығару.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар көпбұрыштың, дөңес көпбұрыштың анықтамаларын, көпбұрыш элементтерін біледі.
Көпбұрыштардың ішкі және сытқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығара алады және есеп шығарған кезде дұрыс қолдана алады.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Clock Buddies» тренинг жүргізуге болады. Оқушылар сыныпта еркін қозғалады. Мұғалім уақытты айтқан кезде оқушылар бір бірлерімен қолдарын ұстап амандасу керек. Мұғалім уақытты екі рет айтқан кезде оқушылар бір- бірлерінің арқаларын қағу керек.
1. Қолалысу (Shake hands)
2. Арқасынан қағу (Tap the back)
3. Күлімдеу (Smile)
4. Қол сілтеу (Wave hands)
5. Көз қысу (Wink)
6. Қошеметтеу (Give a compliment)
7. Тілек айту (Wish anything)
8. Массажжасау (Give massage)
9. Арқаменжанасу (Rub the back)
10. Күлдіру (Make him smile)
11. Қошемет көру (receive a compliment)

Мұғалім оқушыларға қиылған үшбұрыштарды таратып, олардан екі фигура қарастыруды тапсырады.Фигуралар нүктелі сызық бойымен үшбұрышқа бөлінген.

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтайды.

Мұғалім диалогты оқытудың элементтерін қолдану арқылы оқушыларды жаңа материалдармен таныстырады

Бағалау критерий:
-көпбұрыштың анықтамасын біледі.
-көпбұрыштың қандай элементтерден тұратынын біледі .
- дөңес көпбұрыштың анықтамасын біледі.
-дөңес және ойыс көпбұрыштарды ажырата алады.
- көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарын біледі.

Кезеңге рефлексия:
Не орындалды?
Не орындалмады?
Жұмыста не назарға алынбады және неге?
Коррекция (қажет болған жағдайда)
Мақсаты: Дөңес көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығару және оны дәлелдеу.
Әрбір оқушылар жұбына 2 қосымша беріледі. Мұғалімнің түсіндіргені бойынша оқушылар кестені өздері толтырып, формуланы қорытып шығарады және дәлелдейді.

Бағалау критерийлері:
-көпбұрыштың анықтамасын біледі.
-көпбұрыштарда диагональ жүргізе алады.
- үшбұрыштың ішкі бұрыштарын біледі.
- көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын таба алады
- дербес жағдайдан жалпы жағдайды қорытындылай алады.

Кезеңге рефлексия:
Не орындалды?
Не орындалмады?
Жұмыста не назарға алынбады және неге?
Коррекция (қажет болған жағдайда) .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру