Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-сынып алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;
7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;
7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету
7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;
7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету;
7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептей алады;
- статистикалық деректерді жинай алады және оны кесте түрінде көрсетеді;
- таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетеді;
- кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;
- таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсетеді;
- кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарының дайындығына назар аудару, сабақтың тақырыбын, ОМ жариялау.
2. Стартер «Блум түймедағы». (Теориялық материалды қайталау.)
Жұптық жұмыс.
Диаграммада асықты 30 рет лақтырғанда асықтың әр түрлі түсу жиілігі көрсетілген. Асықтың омпы түсуі (асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы) болған жоқ, сондықтан оны суретте горизонталь сызықшамен белгілейміз. Диаграмманың көмегімен келесі сұрақтарға жауап беріңіз. (Оқушылар гүлдің жапырағын алып, сұрақтарға жауап береді):

1. (жай сұрақ): Берілген таңдаманың көлемі неге тең?
2. (анықтаушы сұрақ): Асықтың омпы түсуін неліктен горизонталь сызықшамен белгілейміз?
3. (тәжірибелік сұрақ): Асықты 30 рет лақтырғанда асықтың тәйке түсуі болмаса, оны гистограммада қалай белгілейсіз?
4. (түсіндіруші сұрақ): Неліктен гистограммада шоңқай және тәйке түсу бағандарының биіктіктері бірдей?
5. (шығармашылық сұрақ): Гистограммада қалай өзгерер еді егер асықтың оңқай және солақай түсу саны 7-ге тең болса?
6. (бағалау сұрағы): Гистограммадан ең үлкен және ең кіші салыстырмалы жиіліктерді анықтаңыз.
Жұмыс аяқталған соң мұғалім оқушылардан сұрақтардың жауаптарын анықтайды, ауызша кері байланыс береді.
Сыныппен жұмыс.
1.Таңдама асықтарды лақтырғанда түсуіне байланысты берілген. Асықтың түскендегі атауы:

1. Берілген таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетіңіз.
2. Таңдаманың көлемі неге тең?
3. Асықтың тәйке түскендегі абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеңіз.

Жеке жұмыс.

2. Гистограмманы полигон түрінде көрсетіңіз.

Тексеру жұмысы.
3. Суретте кейбір жануарлардың өмір сүру ұзақтығы берілген.

а) Қандай екі жануар жуық шамамен бірдей ұзақ өмір сүреді?
ә) Маймыл иттен жуық шамамен неше есе артық өмір сүреді?
б) Диаграмманың берілгендеріне қарап, қай жануардың салмағы үлкен, сол жануардың өмірі ұзақ деп айтуға бола ма?
4. Арман мектеп мұғалімдерінің жастарын 10 жыл аралығында топтарға бөліп, кестенің бір торкөзін толтырмай кетті. Мектепте 49 мұғалім болса, кестені толықтырып, берілгендері бойынша жиілік алқабын сызыңыз..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру