Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру 2-сабақ (А-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар бөлшек бөлімін иррационалдықтан босату үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бұрынғы білімдерін белсендіру

Ауызша санау дағдысын және бөлімнің материалын қайталау үшін квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануға есептерді қарастырады.
Әрбір тапсырма жеке карточкада жазылған, карточканың саны сыныптағы баланың санымен тең болы тиіс. Жұмыстың басында әрбір оқушы бір карточка және бір жауап парағын алады. Тапсырманы орындағаннан кейін, оқушы өзінің жауабын тиісті нөмерге сәйкес жазады, мұғалімнің «шапалақ» белгісінен кейін оны шеңбер бойынша басқа оқушыға береді. Оқушыға өзінің бастапқы карточкасы келгенше, бұл іс-әрекет жалғасады.

Кейіннен тақтаға жауап парақтары ілініп, әрбір оқушы карточкадағы тапсырманың жауабымен тексереді ( маркермен + немесе - белгісін қояды).

Минус белгісін алған оқушылар қателермен жұмыс жасайды. Олар өздерінің сыныптастарынан кеңес алуына болады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушылар өздік оқуға арналған материал алады. Берілген мысалдарды қарастырып, келесі берілген мысалдағы бос орындарды толтырады, кейіннен шешімді жұпта талқылайды.

Дағдырады бекіту
Оқушылар бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату дағдыларын бекітуге арналған тапсырмаларды алады. Тапсырмалардың күрделілігі жоғарылай береді.

Мұғалім сыныпты шолып өтіп, оқушыларға ауызша пікірлер береді. Кейбір тапсырмаларды іс-әрекетке түсінік бере отырып тақтаның алдында орындалуы мүмкін......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру