Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрияның алғашқы мәліметтері
Сабақ тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу
7.3.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
Сабақ мақсаттары: оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын біледі, осы бұрыштардың түрлерін таниды және бейнелей алады
оқу материалын меңгеру және бастапқы түсіну, меңгеру объектісі аясында байланыстар мен қатынастардың мәнін ұғынады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жұмылдыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, оның мақсаттарының қойылымы. Бұл сабақта оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштар тәрізді жаңа ұғымдармен танысады, сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қарастырады.
Оқушылардың жетекші білімдері мен дағдыларын өзектендіру.
(Өтілген мәліметтер бойынша білім мен іскерліктерін жүйелеу)
Өтілген мәліметтер бойынша оқушылардың меңгерілген білімдерін тексеру үшін, сондай-ақ зеректіктікке, жылдам реакция мен ойлауға негізделген теориялық сұрақтар қою. Дербес тақталар көмегімен жұмыс.
Әрбір оқушыға кішігірім дербес тақта беріледі.
Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынады, ал оқушылар өз жауаптарын дербес тақталарға жазу арқылы жауап береді және топ бойынша өздерінің жауаптарын мұғалімге көрсетеді.
Ұсынылатын сұрақтар:
1. Оның басы бар, шегі жоқ? (сәуле)
2. Тік бұрыштың градустық өлшемі? (900)
3. 1 градуста қанша минут бар? (600)
4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
5. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? (1800).
6. Градустық өлшемі 900 болатын бұрыш қалай аталады?
7. Қай бұрыштың градустық өлшемі үлкен, сүйір бұрыш па, әлде доғал бұрыш па? (доғал)
Әрбір оқушының жауабын қадағалау барысында мұғалім ұсынылған сұрақтарға оқушылардың барлығы дұрыс немесе бұрыс жауап берді ме, игерілген мәліметтер есте қаншалықты сақталды, сол бойынша қорытынды жасайды. Міндетті түрде әрбір жауаптан кейін оқушылардың біреуі, басқа оқушылардың назарын есту арқылы қабылдауға аудара отырып дұрыс жауапты баяндайды.
Практикалық жұмыс № 1.
Берілген жұмысты әрбір оқушы өз дәптерлерінде жеке орындайды. Берілген тапсырманың алгоритмі төменде көрсетілген.
1) ABС жазыңқы бұрышын салыңыз.
2) Жазыңқы бұрыштың қабырғалары арасында кез келген ВD сәулесін жүргізіңіз.
3) Осы бұрыштардың ортақ қабырғасын жасыл түспен, ал бір-бірінің жалғасы болып табылатын қабырғаларды көк түспен ерекшелеңіз.
Осылайша, әрбір оқушының дәптерінде сызба орындалды. Оқушылардың бұл жұмысты орындау процесін мұғалім қадағалап отырады және соңында бірқатар сұрақтар қояды.
Сұрақтар:
- Қанша бұрыш пайда болды?
- Пайда болған бұрыштарды атап шығыңыз.
- Бұрыштардың атаулары қандай?
- Сыбайлас бұрышқа кім анықтама береді?
Оқушылардың бірнеше талпыныстарынан кейін мұғалім сыбайлас бұрыштардың анықтамасын тұжырымдайды.
Анықтама. Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ болып, ал қалған қабырғалары толықтауыш жарты түзулер болса, онда мұндай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады.
Практикалық жұмыс № 2.
Оқушылар берілген жұмысты төменде көрсетілген алгоритм бойынша орындайды.
1) Екі қиылысушы түзу жүргізіңіз.
2) Берілген түзулерді белгілеңіз.
3) Түзулердің қиылысу нүктесін белгілеңіз.
4) Алынған бұрыштарды транспортирмен өлшеңіз.
5) Нәтижелерді дәптерге жазыңыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру