Пайдалы қазба деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, I тоқсан)

 Пайдалы қазба деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.
Сабақ тақырыбы: Пайдалы қазба деген не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау;
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Табиғатта кездесетін пайдалы қазбалармен танысады, олардың қалай өндірілетінін түсінеді.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Аялы алақан» әдісін пайдалану ұсынылады. Ол үшін қағаздан жасалған алақанға оқушылар бір-біріне тілек жазады. Тілектерімен бөліседі.
Кіріспе тапсырма.
«Мозайка» ойыны арқылы оқушылардан пайдалы қазбалар туралы білетіндерін еске түсіру. Мозайканың әрбір бөлігіне сұрақ жазу. Жетекші сұрақтар:
- Ресурс деген не? Мысал келтір.
- Ресурстар қайдан алынады? Қалай ойлайсың?
- Табиғи ресурстардың адам өмірінде қандай маңызы бар? Ойыңмен бөліс.
- Адам өз қолымен ресурс жасай алады ма?
- Табиғи ресурстарға мысал келтір.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Топқа біріктіру.
«Жиындарды жинау» ойыны арқылы оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру. Ол үшін топ санына байланысты пайдалы қазбалардың аты жазылған карточкаларды немес кима қағаздарды қорапқа салып, оқушыларға тарату. Пайдалы қазба атына сәйкес оқушылар бір топқа жиналады.
Қайдан алынады?
Мақсаты: Табиғи ресурстардың қайдан алынатыны туралы пікір алмасу.
«Сиқырлы қорапша» ойыны арқылы әр топқа бір пайдалы қазбаның суреті немесе аты жазылған парақ беріледі. Топта ынтымақтаса отырып, оқушылар оның қайдан алынатынын анықтайды да өз жауаптарын кез-келген формада айтып, ұсынады.
Оқулықта берілген ақпаратты пайдалана отырып, бірнеше сұрақтарға жауап береді. Жетекші сұрақтар:
- Жер қыртысынан нені алуға болады?
- Қазбаларды неліктен пайдалы деп атаймыз? Ойыңмен бөліс.
- Пайдалы қазбаларды қайда кездестіруге болады? Мысал келтір.
- Әктас пайдалы қазбаға жатады ма? Гранит ше?
- Кен деген не?
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Не өндіріледі?
Мақсаты: Пайдалы қазбалардың өндірілетін орындарымен таныстыру.
Оқулықта берілген ақпаратты пайдалана отырып, бірнеше сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:
- Пайдалы қазбаларды қандай әдістермен алуға болады?
- Ашық әдіспен пайдалы қазбаларды алуға болады ма? Ал жабық әдіспен ше?
- Шахта не үшін керек? Ойыңмен бөліс.
- Бұрғылау арқылы қандай пайдалы қазбаны алуға болады?
Тапсырманың соңында «Сәйкестендіру тесті» орындалады.
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты: Ғимаратты тұрғызу үшін қандай пайдалы қазбалар қолданылатынын анықтау.
Ресурстарды таратып беру. Әр топқа ғимараттың суреттері мен жауап парақтары таратылады.
Зерттеудің сұрағы: Ғимаратты салу үшін қандай пайдалы қазбаларды қолдануға болады?
Зерттеудің жоспары:
-Ғимаратты салуда пайдалы қазбаларды пайдалануды дұрыс анықтау.;
- өз жауаптарын қалаған формада ұсыну.
Зерттеудің барысы: Оқушылар топтаса отырып, ғимаратты салуда қандай пайдалы қазбаларды қолдануға болатынын анықтап, өз ойларымен бөліседі.Ой қорыту жасайды.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе топтарға ғимаратты тек әйнектен немесе тек гипс арқылы салуға мүмкіндігі жайлы сұрауға болады.
Зерттеудің қорытындысы.
Зерттеуші күнделігіне оқушылар зерттеу жұмысы барысында алынған нәтижелерін талдайды, жауаптарын салыстырады.
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Ойлан.
Оқушылар жұптасып пайдалы қазбаларды өндіретін жерлердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
Cергіту сәті.
«Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды. «Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.
17-жұмыс парағы. «Пайдалы қазба деген не?», 19-б.
Сұрақтарға жауап бер. Сұрақтарға жауап беру.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру