ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ және заман талабы


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ және заман талабы

 

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақастан – 2050» стратегиясында білім мен ғы­лым­ның басында жүрген тұлғаларға жауапты тап­сырма жүктеді. 

     "Бәсекеге қабілетті дамыған мем­лекет болу үшін біз сауаттылығы жоға­ры елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет»- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқанындай бүгінгі таңдағы мектептерде, коледждерде, арнаулы техникалық оқу орындарында және де ЖОО-да онлайн оқыту жүйесін енгізу басты міндет және заман талабы болып отыр.

Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр. АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді.

Қазір дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды.

Бұл оқыту әдістемесінің мүмкіншіліктеріне тоқталар болсам, қазіргі таңдағы жағдайы төмен, жартылай кеміс, жетім және де мүмкіншілігі шектеулі жандар еліміздің түкпір – түкпірінде білімсіз болып қалып қояда. Бұған себеп өте көп. Мысалыға әлеуметтік жағдайы, денсаулығы және тағыда басқа көптеген мәселелер бастан асады. "Кез-келген Қазақстан азаматы орта білімді тегін алуға құқылы",- деп Ата заңымызда айтылғандай, кез-келген кемтар балалар, төсекке таңылған мүмкіндігі шектеулі жандар болсын үйінде отырып-ақ, мұғалімдермен келісіп отырып, орта білім болсын, жоғары болсын дәріс ала алу мүмкіншілігіне ие болады. Осы мәселелердің тиімді де әрі оңай шешімі - қашықтықтан оқыту жүйесі деп ойлаймын.

Бұл оқыту жүйесінің тағы да мүмкіншіліктері,яғни шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.

Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.

Егер Қазақстан ендігі елу жылда әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына енуін көздесек, ұлт Көшбасшысының стратегиялық жоспарын жүйелі түрде жүзеге асыруға аянбай атсалысуымыз керек. Бұған әрбір ғалым, әрбір жекелеген оқу орны өз үлесі мен күшін қосуға міндетті. Осы орайда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситеті білім берудің бірқатар жаңа технологияларын енгізгендігін айтқа­нымыз жөн. Мәселен, соңғы кездері оқу орнының базасында қашықтықтан оқыту технологиясы дайындалып, арнайы орталық құрылды. Жаңа тәсілдің қыр-сырын меңгеруге алдымен оқытушылар құрамы жұмылдырылды. Университеттің тың ізденісінің нәтижесінде аймақтағы өзге де оқу орындары мен түрлі мемлекеттік және жекелеген ұйым өкілдері де қашықтықтан оқыту орталығы арқылы өз білімдерін жетілдіруге құштарлық танытып отыр. 
       Қашықтықтан оқытуда негізгі күш – электронды технологияларды басқарып отыратын оқытушыға түседі. Мұны саланың тілінде тьютор деп атайды. Жоғары біліктілігі бар кәсіби маман мол ақпараттар шоғырын пайдалана отырып, орталыққа тіркелген студенттерге тапсырмаларды беріп, іздену көздеріне бағыттап тұрады. Сонымен бірге олардың жинақтаған білімдері аясында міндеттерді қаншалықты еңсергені жөнінде де бағалай алады. Әрине, электронды оқыту жүйесін мықтап меңгерген маман табу оңай емес. Сондықтан да М.Әуезов атындағы ОҚМУ өздерінің кәсіби біліктілігі жоғары ғалымдар тобын қайта даярлаудан өткізіп, тьютор-оқытушы ретінде қалыптастыруға күш салып келеді. Қазіргі кезде осындай әдіспен 500 оқытушы қайта даярлық курстарын аяқтап, арнайы сертификатты иеленіп, қашықтықтан оқыту маманына айналды.

Заманауи жүйені жан-жақты жүргізу үшін университет басшылығы тың тәсілді ертеректе жолға қойған жоғары оқу орындары, арнайы орталықтармен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда, Ресей халықтар достығы уни­верситеті және Новосібір мемлекеттік университетімен бірлесіп, халықаралық құқықтанушы, менеджмент мамандарын даярлайды. Сол сияқты қытайлық оқу орындарымен IT-технологиясы мен нанотехнология магистранттарын оқыту жөніндегі келісімдер аясында қоғам сұранысындағы ерекше кәсіп иелерін қалыптастыруда. Білім саласындағы соңғы өзгерістерді жүзеге асырудың арқасында германиялық ASIIN аккредитациялау агенттігі оқу орнының қызметін жоғары бағалап, арнайы белгісін де тапсырды.
Қашықтықтан оқыту орталығына еліміздің азаматтарын молынан тартуды да көздеп, бекітілген бағдарлама аясында жұмыс жүргізуге көштік. Бұл жүйені Атырау мұнай және газ институтының, Қ.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТУ-дың, Рудный индустриялық институтының шәкірттері де пайдалануда. Өздерінің болашағына байыппен қарап, жастық кезеңін мол білім алуға арнаған жастардың ертеңгі күні өкінбейтіні анық. 
 Елбасы Жолдауында айтылғандай, еліміздегі әрбір ғылыми орталық, яғни жоғары оқу орындары өз базасының аясында отандық ғылымды дамытудың салалы жолдарын қарастыруы қажет. Бәсекеге қабілетті ұлтты ұйымдастыратын да, ұмтылдыратын да ұрпағы. Ұлы кемеңгер Мұхтар Әуезовше айтсақ, «Адам мен адамды теңестіретін күш – білім». Осыларды межеге алып, тынымсыз ізденісті жалғастырғанда ғана әлемдегі ең дамыған мемлекеттермен тереземіздің теңесетіндігі анық. 

Қашықтан білім беру үрдісі білім беруді басқаруға арналған модульді, объектті-бағытталған «Moodle» жүйесіне негізделген. Бұл жүйе Қашықтын Білім Беру Жүйесі ретінде Еуропа елдерінде кеңінен таралып, танылған. «Moodle» тұғырнамасы Open University (UK), Microsoft (US), Google (US) и Istituto Superiore di Sanità - ISS (Italy) сияқты ұйымдардың белсенді дамытуы мен қолданысында. Мысалыға алар болсақ алдынғы жылда Америкалық   жоғарғы  оқу орындары онлайн оқыту жүйесінде көшті, сол жайлы қысқаша мағлұмат бере өтсек:
"Америкалық  жоғарғы  оқу орындары онлайн оқыту жүйесінде көшті. 2012 жылдың 2 мамырында Кембриджде (АҚШ) өткен баспасөз мәслихатында Гарвард университеті мен Массачусет технологиялық институты өкілдері бірлескен edX  қашықтықтан онлайн оқыту  жобасы іске қосылғандығы туралы мәлім етті.
Жоғарғы оқу орындары өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Лента.ру хабарлағандай, олар «онлайн оқыту жүйесінде төңкеріс» жасамақ, яғни оны тегін, сапалы және барынша қолжетімді етпек. Онлайн оқытуға жобаны жасаушылар лекциялардың видеокурсын ғана емес, сынақтама, оқытушы жағынан бақылау мен топтағы қарым-қатынасты қамтитын қашықтықтан оқыту сабақтарының толық кешенін енгізіп отыр. Аталмыш мақсатта edX авторлары оқу үрдісін қадағалап қана қоймайтын, сонымен қатар қолда бар бағдарламаларды жақсарту мақсатында оқушылардың  жүріс-тұрысын сараптайтын арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды құрмақ. Оны авторлар қолжетімді етіп жасайтын болады және де өзге де білім шаңырақтарын бағдарламаны қолдануға шақырады."- деп хабарлады Лента.ру сайтында.

 Қазіргі таңда қашықтан білім бері үрдісін қамтамассыздандыру  мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жене М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да т.б жоғарғы оқу орындарында заманауй компьютерлік технологияларды сонымен қатар электронды оқулықтар мен виртуалды зертхана кешендері өндірісінде өте жаңа өңдеулерді қолдана отырып, электронды оқу материалдарын белсенді түрде әзірлеуде. Білім беру скринкасттарын, видеодәрістерін және подкасттарын даярлау үшін білім беру аудио-видео материалдарды жазатын, өңдейтін және трансляциялайтын  жаңа программалық қамтамассыздандырулар қолданылады.
Қашықтан білім беру курстарының көбі видеодәрістермен қамтамассыздандырылған және интернет жүйесі арқылы оқытушымен реалды уақыт тәртібінде online тілдесу мүмкіндігін береді.Қашықтан білім беру үрдісінің қатысушылары арасында оnline байланысты қамтамассыздандыру үшін дәрістерге, студенттердің бітіру жұмыстарын қорғауларына қатысу әсерін толығымен қамтамассыздандыратын Adobe Connect заманауй онлай видео конференциясы қолданылады. Қашықтан білім беру үрдісі кез келген уақытта қол жетімді және студенттер мен оқытушылардың орналасу жерінен тәуелсіз. Қазіргі заман талаптарына сай және біздің еліміздегі жетекші мамандарының заманауи ақпараттық технологиялары пайдалана отырып өңдеген, қашықтықтан оқитын курстар ұсына алады.

Сонымен қатар онлайн жүйесімен оқытумен қоса электронды оқыту жүйесі де кеңінен қолға алынуда. Сол жайында қысқаша мағлұмат бере өтсек: 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында   білім   беруді     дамытудың     мемлекеттік бағдарламасына сәйкес   Республикада  

E-Learning    электронды оқыту жүйесін енгізу көзделген. 2015 жылға электронды оқытумен білім    беру  ұйымдарының 50 пайызын  қамту,    2020 жылға көрсеткішті   90 пайызға  дейін жеткізу мақсаты  қойылған. Электронды  оқыту   E-Learning  жүйесі  жаңа   ақпараттық қатынастық   технологиялардың  кең  мүмкіндігі арқылы жалпы орта білім берудің көптеген маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Атап айтсақ:
         - Оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы;
         - Оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі;
         - Оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері;
          - Жоғарысапалыматериалдарғақолжеткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды
 

Қорытындылай келе айтылып отырған осы онлайн жүйесінде оқыту әдістемесінң мүмкіншіліктері қаншалықты кең екенін көріп отырғаныңыздай. Ғылым мен білім дамыған бәсекеге толы осызаманда жаңа технологияларды қолданып, техникасы дамыған ХІХ ғасырдағы озық өреге жеткен, бәсекеге қуатты 20 елдің қатарына қосылумен бірге ұлттың өресін көтеру аса зәру болып отырған бүгінгі таңда елбасымыздың жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін әрине тілге тиек етіп отырған онлайын жүйесін қолданудың қаншалық қажет екенін дәлелдемесекте болатындай. 

Балық судан айырла алмайтын секілді мынау өскелең өмірде демократиалы қоғамда жасап жатқан әрбір Қазақстандық үшін бұл жүйеде ауадай қажет.

Халқы бай, мұраты асыл, өзық өрелі әлемнің алдыңғы қатырынан бой көрсетуіміз үшін жаңа ағымдағы технологияны толық меңгерген, ауыл мен шалғай таулы райондарда және өздігінен білім ала алмайтын жандарды білім нәрінен сусындатып, олардың көмескі қабілеттерін толық сәулелендірулері үшін бұл жобамыз аса қажет екендігін тағы бір мәрте айта кеткіміз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Оқу- тәрбие үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологины қолдану қажеттілігі."Информатика негіздері" 2008 жыл №4Сатыбекова

2.  2011-2020 жылдардағы Білім беру ісін дамыту бағдарламасы.

3. «Қазақстан-2050» бағдарламасы.

4. «Ата Заң» 1995 жыл.

5. Сайт: www.edu.gov.kz

 

 

 




Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру