Жануарлар саны неге азаяды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Жануарлар саны неге азаяды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар саны неге азаяды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: жануарлар санының азаюына әсер ететін адам әрекеттері туралы мәлімет алады;
Жануарларды қорғау шараларымен танысады.

Ұйымдастыру
«Аралас. Жұптас. Пікірлес»
Сұрақтар бойынша жұппен пікір алмасу.
- Табиғаттағы қандай өзгерістер жануарлар санының азаюына әсер етеді?
- Жануарлардың азаюына немесе шамадан тыс көбеюіне әкеп соғатын қандай тағы басқа жағдайларды білесің?
- Табиғатта мұндай жағдайлар қаншалықты жиі болып тұрады?
- Өзіміз тұратын жерде табиғатта қандай өзгеріс болғанын байқадың?
- Табиғаттағы тепе-теңдік туралы не білесің?
1. Бейнефильм көрсету.
Азайып немесе мүлдем жойылуға таяп қалған жануарлар туралы бейнематериал көрсету.
2. Зертте. Топтық жұмыс.
Адамның қандай әрекеті жануар санының азайып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін? деген сұраққа кластер құрастыру. Энциклопедия, баспа материалдарынан мәлімет іздеу, өз білімдеріне, өмірлік тәжірибелеріне, көргендері мен үлкендерден естіген ақпараттарға сүйене отырып жұмыс жасау.
Топтық жұмысты қорғау. Туындаған сұрақтар болса жауап беру.
3. Суретпен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топ. Өрт бейнеленген сурет туралы ой бөлісу. Суреттерді салыстыру.
- Суреттен не байқадыңдар?
- Өрт жануарларға қалай әсер етті?
- Өрт қайдан пайда болды деп ойлайсың?
- Өрт жануарларға қандай зиян келтіреді?
- Басқа қандай табиғи апаттарды білесіңдер?
2-топ. Құрғату мен кесу
Батпақты құрғату, орманды кесу тақырыбындағы суреттерді сипаттау.
- Суреттен не байқадыңдар?
- Батпақтарды құрғату мен орманды кесуден қандай пайда болуы мүмкін?
- Бұл әрекет жануарларға қандай зиян келтіреді?
3-топ. Аңшылық
- Аңшылық жайлы не білесіңдер?
- Ерте заманда адам неліктен аң аулады?
- Ал қазір кейбір адамдар неліктен аң аулайды?
- Қазіргі заманда аң аулаудың қажеті бар ма?
Қорытынды сұрақ:
- Талдаған суреттер бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?
4. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен танысу. Мәтін бойынша туындаған сұрақтармен жұмыс жасау.
5. Сен білесің бе?
Амазонканың тропикалық ормандары туралы бейнематериал немесе сурет көрсету. Адамдар әрекетінен ормандағы сирек кездесетін жануар мен өсімдік түрлері жойылып бара жатқаны туралы мәліметпен таныстыру.
6. Бағалауға арналған тапсырма.
Жеке жазба жұмысы. «Жануарларды қорғау шаралары» тақырыбында шағын жазба жұмысын жазу. Өз еріктерімен «Автор орындығына» отырып, жазба жұмыстарын оқу.
7. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 29-жұмыс парағы (31-б.) .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру