Фараби - екінші ұстаз


Тарихи мағлұмат
«Фараби - екінші ұстаз»
Мақсаты: Фарабидің өмірімен, еңбектерімен таныстыру математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түсу. Өз отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып, халқының мәдениетін қадірлеуге тәрбиелеу.

Әбу Насыр ибн Мұхамед Тархан ибн Ұзлағ Әл - Фараби 870 жылы Отырар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысының жанұясында туылған. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл - Фараби парсы, грек тілдерін үйренді, осы тілдерде ғылыми трактаттар оқыды. Кәмелеттік жасқа толған соң ол оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға барады. Осы мақсатпен Шаш ( Ташкент), Самарқант, Ифанханда, Хамадан және тағы басқа көптеген қалаларда болады. Сол замандағы ғылым мен мәдениеттің дамыған орталықтарының бірі Халифат астанасы Бағдат қаласында ұзағырақ болады. Осы жерде өз білімін толық жетілдіреді және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады. Бірақ бұл жағдай діни – ғалымдардың көре алмаушылығын туғызып, олармен көзқарасы жараспаған әл - Фараби Бағдатты тастап Хорасанға кетуге мәжбүр болады. Өмірінің ақырғы күндерін Аллепо және Дамаскіде өткізді.

Әл - Фараби энциклопедист ғалым ретінде ғылымның барлық салаларында елеулі еңбек сіңірді. Математика, астрономия, логика, медицина, табиғат ғылымдары, тіл, риторика, философия салалары бойынша көптеген жаңа ғылыми тұжырымдар жасаған. Ол барлығы 150 – ге жуық еңбек жазған. Олардың бірқатары осы күнге дейін маңызын жойған жоқ, көптеген еңбектері парсы, ағылшын, француз, неміс тілдеріне аударылған. Бірқатар еңбектері қазақ, орыс, өзбек, тәжік тілдерінде жарық көрді.

Әл - Фараби психология жөніндегі көптеген еңбектердің ( «Ақыл ой туралы», «Жан туралы», «Қызу қандылық туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл – ой мен ұғым», « Жасөспірімдердің ақыл - ойытуралы кітап», «Ересектердің ақыл – ойы туралы кітап», т. б) авторы ретінде танылады. Ол араб тілді халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жүйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ.

Білім адамды қуаныш пен бақытқа кенелтеді, дүниені танып біле отырып, адам оның әсемдігі мен бітім болмысына қанығады. Ғылым - білімдерді әр алуан қолөнер кәсіптерінің икем - дағдыларын үйренуге, үлгілі моральды қасиеттердің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбиемен қатар, өзін - өзі тәрбиелеу, ерікті ерік – жігер арқылы жетуге болады, деген пікір айтады.

Денсаулық хақында; Егер тән ауырса, көңілдің күрт түсуі – табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.
Әл - Фарабидің бір ғана музыка саласындағы еңбегінің өзі не тұрады? Ол « Музыканың ұлы кітабы», «Музыка жайлы талдау», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Өлең көне шешендік туралы» т. б. кітаптар жазған. Бұл еңбектерінде ән шығаруды, музыкалық аспаптарды жасауды, әнді орауды ғылыми жағынан жетілдіреді. Өзі бірнеше музыкалық аспаптар жасап шығарады. Солардың ішінде «Қыпшақ» деген аспап та болған. Ол осы күнгі қазақ, өзбек, қырғыз сияқты халықтар арасында кең тараған домбыраға ұқсас болса керек.

Әбу Насыр әл – Фараби бірқатар әндер шығарған сазгер болған, кейбір деректерге қарағанда ол шығарған әндер осы күнгі Иран, Ирак, Түркия және басқа да Шығыс елдерінде орындалатын көрінеді.
Төмендегі өлең әл - Фарабидің ақындық тұғырының иік болғандығын дәлелдейді.
Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым күнге құшағын жайған далам.
Мен жатырмын ұйқысыз жапа - жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматы әл – Фараби шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді.
Ұлы ғылымдар Ибн Рушид, Ибн Сина, Омар һайям, Беруни, Божани т. б. көптеген ғұламалардың көзқарастары қалыптасып олар өздерін әл - Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.


Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу