Өмірі өнермен өрнектелген


Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқының сүйікті әншісі, композитор Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған
«Өмірі өнермен өрнектелген» атты музыкалық әдеби салонның бағдарламасы.


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар, өнер сүйер қауым! Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқының сүйікті әншісі, композитор Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған
«Өмірі өнермен өрнектелген» атты музыкалық әдеби салонына қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: «Өмірге кішкене болса да із қалдыру - әрбір өнершіл азаматтың парызы ғой.
Ең алдымен сондай бір азаматтық борышымды өтесем деймін. Бір кезеңдерде қайғысы мен мұңы көп болған, бүгінгі қуанышы мен бақыты мол халқының өткен жолын, бүгінгісін музыканың жанды тілімен жүректерге жеткізетін әнші болу менің үлкен арманым.

1-жүргізуші: Өнер кешінің алдыңғы сатында болу - бақыт болса, соңында қалу - өнер адамы үшін қайғы - мұң. Барлық жандардай менің де мұңайғым келмейді...
Қайта әсем әндер әуенімен екінші жүрекке қуанышты, тамаша ыстық сезімдерді төгілдірсем екен деп көксеймін.» Е. Хасанғалиев

2- жүргізуші: Есімі республикаға, шетелдерге танымал, Қазақ елін дүние жүзінің көптеген елдерге танытқан әнші - композитор, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиев 2013 жылы 13 ақпанында 73 жасқа толады. Өзінің қоңыр сазды үнімен, жүрек тебірентер әсем әндерімен үлкеннің де, кішінің де жүрегіне жол тапқан Ескендір ағамыздың өмірдегі, өнердегі қадамдары өзгелерге өнеге боларлықтай. Өзі сазгер, өзі орындаушы, талантты композитор эстрадалық музыканы ұлттық бояумен, бар нақышымен орындап, ән өнерінің табиғатына терең бойлап жүрген дара тұлғалардың бірі.

Жүктеу
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу