Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау:
зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
Сабақтың мақсаты: Қима қағаздарын сәйкестендіру арқылы стехиометриялық заңдарының тұжырымдасамын біледі
Зертханалық жұмыс арқылы стехиометриялық заңдарының қолдану аясына мысал келтіре алады

Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру.
Оқушылар 8 сыныптағы білімдерін еске түсір үшін келесі қималарды сәйкестендіру сұралады.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Дұрыс жауабын презентация арқылы көрсетіледі.Оқушылар өз өздерін тексереді.
Көлемдік қатынас заңы Температура мен қысым тұрақты болғанда, реакцияға қатысқан және
түзілген газдар көлемдерінің қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай
болады Гей-Люссак
Авогадро заңы Бірдей жағдайда тең көлемде алынған газдарда молекулалар сандары бірдей болады. Амеде́о Авога́дро
Зат массасының сақталу заңы Реакцияға қатысқан зат массасы реакция нәтижесінде түзілген зат массасына тең болады Антуан Лавуазье
Оқушылармен сәйкестендіру тапсырмасын талқылай отырып келесі сұрақтарды қою:
1. Бұл тапсырмада не туралы айтылған?
2. Бұл заңдардың бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?
3. Бүгінгі біздің тақырып не туралы болмақ?
Сабақтың тақырыбын ашу дәптерлеріне жаздыру.
Кейін келесі сұрақтар қойылады:
Бүгін сабақта біз не білуіміз керек?
Нені қарастырумыз керек?
Оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып оқу мақсаттарын танысытыру.
10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
Оқушыларға келесі ғалымдардың суреттерінің қиындыларын таңдап алу сұралады. (сыныптағы оқушысы санына қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады)

Әр сурет 5 бөлікке бөлінеді. 5 оқушыдан 3 топқа жіктеледі. Әр топ оқушыларға әр ғалымның ашқан заңына сәйкес тапсырмалар ұсынылады.
1 топ: Тәжірибе 1
Химиялық таразының үстіне берілген бос,таза стаканын салмағын өлшеп алыңыз. Кейінен осы стаканға 5г ас содасын салып өлшеңіз.
Екінші таза тығыны бар колбаны алып, таразыда салмағын өлшеп алыңыз. Осы тығыны бар 20 мл сірке суын құйып массасын өлшеңіз. Таразыға екі ыдысты ішіндегі реагенттерімен бірге өлшеңіз. Массасын жазып алыңыз. Кейінен стакандағы ас содасын сірке қышқылының үстіне салып колбаны тығындап қойыңыз. Газдың бөлінгені аяқталғанша күтіңіз. Кейін колбаның салмағын қайта өлшеңіз.
Ыдыстың массасы Реагенттің массасы Реакциядан кейінгі масса

2 топ: Тәжірибе 2
50мл колбаға 10 мл су құйыңыз. Колбаның ауызына әуе шарын кигізіп, колбаны ыстық плиткага, су қайнағанша ұстаңыз. Әуе шары ауамен толғасын аяқтауға болады.
Бақылаулары мен көргендеріңізді жазып отырыңыз.
1. Әуе шарына не болды?
2. Жоғардағы тәжірибе температура,қысым және көлемнің қайсысымен байланысыты оны төменгідей пайдаланып толықтырыңыз.
____________________ артса, ________________артады.
Осылардың арасындағы қатынас: ___________ (тура\кері).
3 топ: Үшінші тәжірибе:
Химиялық колбаға 20 мл сірке қышқылын құйыңыз. Әуе шарының ішіне 2 қасықтай ас содасын салыңыз. Кейінен шарды абайлап колбанын ауызына орналастырыңыз. Шардың ішіндегі соданы колбаға түскендігіне көз жеткізіңіз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру