Ғылымды, технологияны дамуының және әлемнің химиялық көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Ғылымды, технологияны дамуының және әлемнің химиялық көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ тақырыбы: Ғылымды, технологияны дамуының және әлемнің химиялық көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.5 элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін периодтық кестедегі орнына байланысты болжау;
10.2.1.6 Периодтық заңның ашылуымен байланысты ғылымның негізгі даму салаларын атау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
- Элементтерді ПК орны бойынша сипаттайды;
- Ғылымның дамуына Периодтық заңның ашылуының ықпалын түсінеді және түсіндіре алады;
- Ұсынылған элементтің оксидніңі/гидроксидінің формуласын жаза алады;
- Постер құрастыру үшін ПК ақпартатты қолдана алады;
Оқушылардың көбісі:
- Периодтық кестедегі орнына байланысты элементтің оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін ұсынады;
Оқушылардың кейбірі:
- элемент оксидінің, гидроксидінің және сутектік қосылысының қасиеттерін салыстыруда логикалық тұрғыдан ойлау қабілеттерін қолданады;
- ПК мен ПЗ маңыздылыңын сипаттау және түсіндіру алады.

Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың оқу материалын қабылдауын жағымды орта қалыптастырудан бастау.
Мұғалім білімді өзектендіру мақсатымен теориялық пинг-понг (доп қолдану арқылы) ұйымдастырады.
Тапсырма 1. Сөйлемді аяқтаңыз:
1.Элемент қасиеттерінің негізгі сипаттамасы болып …. табылады.
2.Период нөмірінің физикалық мағынасы мынада ….
3. Период бойынша солдан оңға қарай элемент атомдарының … артады.
4.Элементің реттік нөмірі артқан сайын, периодты түрде ….. қайталанады.
5. Реттік нөмір артқан сайын, топ бойынша … артады.
6. Реттік нөмір артқан сайын, период бойынша … өзгермейді
7.Топ бойынша жоғарыдан төменге қарай … өзгермейді
8. Период бойынша солдан оңға қарай элементтің жоғарғы оксидіндегі тотығу дәрежесі …
9. Период бойынша солдан оңға қарай оксидтердің қасиеті …
10. Реттік нөмір артқан сайын, топ бойынша атом радиусы …, себебі…
11. Топ бойынша жоғарыдан төменге қарай электртерістілік …, себебі…
12. Период бойынша солдан оңға қарай иондану энегриясы …, себебі…
13. Период бойынша солдан оңға қарай элементтердің металдық қасиеттері …, себебі…
14.Элементер мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі ... байланысты
Оқушылардың жауаптары қате болған жағдайда, мұғалім кері байланыс береді.
Миға шабуыл.
Соңғы уақытта ғылыми басылымдарда №114 және №118 элементтердің ашылуы жайлы хабарламалар пайда болды. Ғалымдар 114-элемент жай күйінде қара-сұр түсті қорғасынға ұқсайтын екенін, ал 118 - элемент инертті газ екенін анықтаған. Алайда, осы элементтер тым аз мөлшерде алынғандықтан ол элементтерді көру мүмкіндігі жоқ. Ғалымдар осы элементтерді ұқалай білді?
(Бұл қорытындылар периодтылық және Периодты жүйенің заңдылықтары негізінде жасалды. )
Білімді жаңарту: Периодты заң маңызды ма? Оның ашылуынан 150 жыл өткеннен кейін ол өзінің өзектілігін жоғалтпады ма?
Сабақ барысында сендер периодты заң ғылым үшін қандай роль ойнатынына жауап табасыздар.
Оқушылар мұғаліммен сабақ тақырыбын анықтап, оқу және сабақ мақсақттарымен танысады.
Өз-өзін бағалау үшін арналған тапсырма.
Тапсырма 2. №№49-53 элементтер және олардың қосылыстары (оксидтер мен гидроксидтер) үшін қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжаңдар.
Оқушылар тапсырманы орындап, жауап парағы бойынша жауапты тексереді, мұғалімнен кері байланыс алады.
Қосымша 1
Периодтық жүйеден алуға болатын барлық ақпаратты жинақтап көрейік.
Тапсырма 3. ПК орны бойынша элементке толық сипаттама беру
Нақты бір элемент фосфор, Р мысал ретінде алыңдар. Әр оқушы периодты кестеден алуға болатын ақпаратты жазады. Әр сипаттаманы ортақ постерге жазады, жауап қайталанбау керек.
Оқушылар постер/тақтаға элемент туралы ақпаратты жазады. Сосын ақпарат талқыланып, мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Д.И. Менделеевтің периодық жүйесі көптеген химктердің көпжылдық жұмысының нәтижесі болып табылатынын естеріне салу.
И. Дебейнер мен Д. Ньюлендс модельдерін көрсету, олардың элементтерді белгілі бір заңдылықпен орналастырғанына назар аудару.
Менделеевтің периодьық жүйесі табиғаттың басқа заңы да сияқты түсіндіруші, жалпылаушы, болжау функциясын атқарады.
Мұғалім топтарда оқушылардың жұмысын ұйымдастырады.Оқушыларға жұмыс істеу үшін ресурстар беріледі.

Тапсырма 4. Өздеріңнің білімдерің және сабақта диналған ақпарат негізінде Периодты заңның ашылуының қандай маңызы болды деген сұраққа нақты жауап беріңдер.
Жауаптарын постер түрінде бейнелейді.
Тапсырманы орындау барысында талқылау кезінде класстың жауабы қалыптасады.
Оқушылардың мүмкін жауаптары:
1.Химиялық элементтерді жүйелеудің негізі болды
2. химиялық элементтердің қосылыстары туралы мәліметтерді жалпылады
3. кейбір ашылмаған химиялық элементтерді болжап, олардың қасиеттерін сипаттауға мүмкіндік берді
4. элементтер қатарының салыстырмалы атомдық массаларының мәнін дұрыс емес мәндерін жөндеуге мүмкіндік берді
5. Оның негізінде асыл газдардың бар екені анықталып ашылды.
6.Жаңа химиялық элементтердің синтезі үшін негіз болып табылады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру