Достық туралы ұлағатты сөздер


Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ.
Цицерон

Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан
Аристотель

Жауыңмен жарықта жүргеннен, досыңмен қараңғыда жүрген жақсырақ.
Хелен Адамс Келлер

Шын дос сыртыңнан мақтайды.
Бауыржан Момышұлы

Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес
Аристотель

Мінсіз дос іздеген доссыз қалады.
Әл – Фараби

Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.
Аристотель

Өзіміз қандай қарым - қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым - қатынаста болайық.
Аристотель

Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.
Аристотель

Екі адамның бір - біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
Әзілхан Нұршайықов

Жұмысты шектен шығып ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың. Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсаң, досыңның сенімін жоғалтасың.
Конфуций

Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек.
Джордж Вашингтон

Достық әлсізденген сайын, сыпайылық арта түседі
Уильям Шекспир

Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.
Ғабит Мүсірепов

Тұрақтылы болмаса, достықтың да, махаббаттың да құны жоқ.
Джозеф Аддисон

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.
Саиф Сараи

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.
Омар Хайям

Достық сенімсіздік басталған жерде бітеді.
Сенека

Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.
Тоқсары

Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Махамбет Өтемісұлы

Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.
Тоқсары

Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Әл – Фараби

Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде алданып.
Әл – Фараби

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
Нұрсұлтан Назарбаев

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.
Тоқсары

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.
Тоқсары

Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.
Тоқсары

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.
Тоқсары

Құдалық та - достықтың дәнекері.
Тоқсары

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.
Тоқсары

Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен.
Тоқсары

Сейсенге сенсең - маған сен.
Тоқсары

Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес.
Мұхтар Әуезов

Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.
Жалаладдин Руми

Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.
Аристотель

Бизнеске негізделген достық, достыққа негізделген бизнестен артық.
Джон Дэвисон Рокфеллер

Достық - теңдіктен басталады.
Платон

Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей.
Тоқсары

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.
Омар Хайям

Махаббат достықтан да күшті.
Бернияз Күлеев

Егер махаббат жайлы оның әдеттегі көріністеріне қарап пікір айтар болсақ, оның достықтан гөрі дұшпандыққа көп ұқсас екенін көрер едік.
Франсуа де Ларошфуко

Достарыңмен қатынаста тек олардың қолынан келетін іс істеуге кеңес бер, оларды жақсылыққа жетеле, әдептілікті бұзба, бірақ нәтижеге жетуге үміт жоқ жерде әрекет жасама. Өзіңді кемсітілген жағдайға жеткізбе.
Конфуций

Нағыз шынайы достар алмаз сияқты, аса қымбат әрі сирек кездеседі. Жалған достар күзгі жапырақ тәрізді, аяқтың астында.
Брюс Ли

Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Достыққа дұшпандық қылған адам оңбас.
Жалаладдин Руми

Егер біз ақыл - ойымызды тыңдар болсақ, онда бізде ешқашан махаббат болмас еді. Ешқашан достық та болмас еді.
Рэй Брэдбери

Досыңа достық — қарыз іс.
Абай Құнанбайұлы

Источник: bilimsite.kz
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу