22 наурыз бата беру. 22-наурызға бата, тілек наурыз мейрамы


Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
****
Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
****
Мұзафар Әлімбаев:

Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кезеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз - нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!

Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!

Авторы: Оразақын Асқар
"Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер" деп аталарымыз айтпақшы, бата беру - адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Қазақ халқы батадан қуат алып, ізгі сөздерге қанығып, оның құдіретіне сенеді.
22 наурызда үлкен кішіге бата береді. Батаны көбіне жастарға құрметті ақсақалдар, атақты адамдар, кемеңгерлер береді. Жиында жасы үлкен ешкім болмаса, көптің рұқсатымен жас болса да өнегелі, жөні бар адамға берген.
Ерлер отырғанда әйел бата бермейді, ер бала отырса, соған сөз береді. Алайда халқымызда батырларға ардақты аналардың да бата берген кездері көп. Сіздердің назарларыңызға түрлі жиында берілетін баталарды ұсынамыз.

Наурыз бата
Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
Әумин!

Беташарда беретін бата

Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлың он шақты болсын,
Қызың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын,
Шаңырақ берік болсын.
Дастарқаның кең болсын
Қызықшылық тең болсын.
Ауылың мерекелі болсын
Өмірің берекелі болсын.
Жолдасың ақ болсын
Молшылық тап болсын.
Сән - сәулетің ассын
Мал - дәулетің тассын!
Әумин!

Шілдеханада, тұсаукесерде берілетін бата
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата - анаға мейірлі болсын
Ағайын - туысқа пейілді болсын.
Өнеге - білімге зейінді болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын,
Ел қорғайтын батыр болсын
Шындықты айтар ақын болсын.
Халқым деген жүрегі болсын
Жұртының қамқор тірегі болсын.
Абыройы өрлесін
Ел алдында ерлесін
Жаманшылық көрмесін!
Әумин!

Ас қайыру батасы
Асың, асың, асыңа
Береке берсін басыңа
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай құрғалап
Бақыт қонғай басыңа
Осы отырған боз үйге
Қыдыр ата дарысын
Бәбішесі бұл үйдің
12 құрсақ көтеріп,
Ұл мен қызға жарысын.
Бақыты асып ұлдардың,
Үйдің тіксін ордасын
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын
Іргеден байлық кетпесін
Тәңірім айтқан несібең
Тепкілесе кетпесін!
Әумин!

Жас жұбайларға берілетін бата
Алтыннан болсын жағаң,
Күмістен болсын тағаң.
Тасқа тары өңгенше
Таршылық көрмеңдер!
Мұзға бидай өңгенше
Мұңшылық көрмеңдер!
Жүздерің жайнап,
Келісті болыңдар!
Толған айдай
Өрісті болыңдар!
Қатарларыңнан озыңдар
Қоздаған шоқтай қозыңдар!
Ең алдымен
Берекешіл болыңдар!
Көпке бірдей
Елшіл болыңдар!
Көкорайдай желпілдеп,
Желкілдеп тұрыңдар!
Сексенге келіп
Селкілдеп тұрыңдар!
Әумин!

Бата
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Дастарханың мол болсын
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң
Тай - құлынды байласаң
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп.
Сабаң толсын қымызға
Шараң толсын уызға
Өрісіңе мал толсын
Ақ тілеуің жар болсын
Өрендерің ер болсын
Көре алмаған бағыңды
Сындыра алмай сағыңды
Бетін басып жер болсын!
Қара ниет жауларың
Ит пен құсқа жем болсын!
Балалардың сәні өссін
Толған айдай бағы артсын
Абыройы тағы өссін
Қорған болсын халқына
Ел сүйсінсін даңқына!
Сыздатпай жүрегіңді
Қалаған тілеуіңді
Қасыңдағы елден берсін.
Басып жүрген жерден берсін!
Ағайының қолдай берсін
Дос жараның қорғай берсін!
Көліңе балық қайраңдасын
Ел - жұртың жайраңдасын!
Әумин!

Сақтық бата
Далақтаған даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта.
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта
Дауылдың кәрінен сақта
Жыланның зәрінен сақта
Аяқ - астынан кезігер –
Бәле - жаланың бәрінен сақта!
Әумин!

Бата
Уа, жаратқан ием,
Тілегімізді қабыл ет
Иманымызды кәміл ет
Ынтымақсыз алауыз,
Қырқыстан сақта
Әрі тарт, бері тарт
Жұлқыстан сақта.
Төріңді билер жатыңнан сақта
Көк долы қатыннан сақта
Руға бөлінген наданнан сақта
Жақсылығы өзінен арылмас адамнан сақта
Қара жүрек есерден сақта
Нанды аттаған кесірден сақта
Кеуде көрген көргенсіз келіннен сақта
Мезгілсіз келген өлімнен сақта
Татымсыз тұзыңнан сақта
Көргенсіз қызыңнан сақта
Бетіңе күлген сұмнан сақта
Бетімен кеткен жыннан сақта
Жалғасқан бәледен сақта
Бас кетер жаладан сақта
Қайырсыз малдан сақта
Қазымыр шалдан сақта
Адасқан елден сақта
Ез болған ерден сақта
Төтенше нәубеттен сақта
Міндетшіл жекжаттан сақта
Иә, жаратқан,
Өмір берсең, жайлы ғып бергің,
Дәулет берсең, сайлы ғып бергің.
Әйел берсең әдепті болсын
Алыс - жақынның көңілі толсын
Ұл берсең от болсын,
Қыз берсең шоқ болсын
Келін берсең келісті болсын
Келешегі өрісті болсын.
Құда берсең жолдасыңдай болсын
Құдағи берсең сырласыңдай болсын.
Ата - баба жолынан кім ассын
Құдалық мың жылға ұлассын
Екі жастың бақытын берсін,
Екі жас қызықшылығын көрсін!
Әумин!

Наурызға арналған қазақша Бата - Тілектер.

Наурыз келіп қар кетті,
Ақ қар, көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен зар кетті.
Наурыз келіп жаз кірді,

Жаз періште «Әз» кірді
Күнеске тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Арық - тұрақ төрт түлік,

Көк жеп жапа - тармағай
Қабырға жаппай қалмағай.
Көтеремнің төрт бұты,
Ербегей де сербегей

Енді шығын бермегей.
Бізге келген бәлекет –
Қармен бірге қаңғырып,
Таудан ары өрлегей,

Мұсылман бетін көрмегей.
Жарапазан батасы
Қонақтасын берекет,
Қаша берсін пәлекет.

Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет.
Ақыретке барғанда,
Қыл көпірден аман өт!

Міне, бата, ақ ниет,
Бола берсін берекет.
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет,

Құлшылық қыл Аллаға,
Қыл көпірден таймай өт.
Кірсін дәулет,
Шықсын бейнет.

Алла атымен бейнет ет.
Жоқ - жітікке рақым ет.
Тәңір сені қолдасын,
Уайым - қайғы болмасын.
Қабыл болсын оразаң,
Әулетіңді оңдасын!
******
Асанәлі Әшімов
Ұлыс күні құтты болсын,
Ақ кетпесін таңдайдан!
Ел іргесі мықты болсын,
Бақ кетпесін маңдайдан!
Аллаһу акпар!
******
Оразақын Асқар
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!
*****
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар.
*****

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәлі - жала жерге енсін!
******
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Малың тоқ,
Уайым - қайғы жоқ болсын.
Көген толы қозы,
Желі толы құлын болсын.
Малың базарлы,
Ұлың назарлы,
Қызың ажарлы болсын!
******
Әуелі, құдай оңдай көр,
Оң жолына бастай көр,
Адасса жолға сала көр,
Сүрінсе қолдан ала көр!
Кездессе шайтан қаға көр!
Жұлдыздармен жалғастыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!
*****
Бай қылсын,
Төрт түлік сай қылсын,
Кетпес дәулет берсін,
Отауыңа сәулет берсін.
Бастарыңа бақыт қонсын,
Қастарыңа нөкер толсын.
Дұшпандарың жоқ болсын.
Көре алмаған қаскөйдің,
Іші күйіп шоқ болсын.
Ризық, нәсібің тасып,
Көңілдерің тоқ болсын.
Туған балаларың ер жетіп,
Өсіп үлкен ел болсын,
Бақталасың кем болсын.
Дәулетің шалқып, сел болсын,
Дастарқаның кең болсын!
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу