Аниондарға сапалық реакция 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 Аниондарға сапалық реакция 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы
Сабақ тақырыбы: Аниондарға сапалық реакция 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау
Сабақ мақсаттары: - аниондарды анықтау үшін қолданылатын тестілердің кең спектілерін пайдалана білу
- хлорид, бромид, йодид, сульфат, карбонат және фосфат-иондарын сапалық анықтау.

Сабақ басында:
Сабақта жағымды ахуал қалыптастыру
- металдардың жалын түсін өзгерту реакцияларын еске түсіру (ойын түрінде «мен саған , сен маған» оқушылар бір – біріне жалынның түсін айтады екінші оқушы катионын анықтайды)
- «Отшашу», «Катиондарды анықтау», «Аниондарды анықтау» видеоүзінділерін көрсету
1) Оқушылардың ізденімпаздық –шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға арналған Зертханалық жұмыс
Жалпы сыныптағы оқушылардың жұптық жұмысы
І. ҚТЕ еске түсіру (қайталау)
Жұмыс парақтарын таратып, жұмыс барысын жұпта талдау
№1 Хлорид, бромид , йодид-иондарын анықтау
1. Үш сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий хлориді, натрий бромиді, натрий иодиді ерітінділерін құйып, әрқайсына күміс нитратын құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар
2. Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар. Нәтижесін жазыңдар
Мәтінді толықтырыңыз.
Күмістің ақ түсті хлориді аммиактың сұйылтылған ерітіндісінде -------------- . Қошқыл ақ күміс бромиді ------------------- аммиак ерітіндісінің қатысуымен ериді. Күміс хлориді мен күміс бромиді екеуі де ерігіш ------------- диамин күміс(I) ионын түзу үшін аммиакпен бірігеді. Күмістің сары йодиді аммиакта -------------
Жауаптары (ериді, концентрлі, түссіз, ериді)
№2 Сульфат-ионын анықтау

1. Сынауыққа 1-2мл мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар
2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар. Нәтижесін жазыңдар

№3 Карбонат-ионын анықтау

1.Екі сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий карбонатының ерітіндісін құйып, біреуіне барий хлориді ,екіншісіне кальций хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар
2.Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар және нәтижесін жазыңдар
№4 нитрат-ионын анықтау (демонстрация, тартпа шкафта)
1. Сынауыққа 1-2мл концентрлі азот қышқылы ерітіндісін құйып, оған мыс жонқасын салғанда қоңыр түсті газ (түлкі құйрық) деп те атайды бөлінеді, улы газ. Тартпа шкафта жасау керек!!!
Оқушыларға өз беттерімен нитрат ионын анықтатуға келесі тапсырманы да беруге болады
1. Зертханада натрий нитратын қыздыру арқылы да анықтауға болады, нәтижесінде натрий нитриті және оттегі бөлінеді
2. Калий нитраты, натрий гидроксиді, AI фольгасы, лакмус қағазы,
№ 5 Фосфат-ионын анықтау
1. Сынауыққа 1-2мл натрий фосфаты ерітіндісін құйып, оған күміс нитраты ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар
2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар
Байқалған құбылыстар негізінде кесте толтыру,
№ 5 силикат-ионын анықтау
Сынауыққа 1-2 мл натрий силикатын құйып, оған аммоний хлоридінің 3-4 түйірін салып қыздару, нәтижесінде ақ желім тәрізді тұнбаның түзілгенін көруге болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру