Директор сөзі (Мұғалімдер, Ұстаздар күнімен құттықтау сөздер)


Құрметті ұстаздар қауымы, ардақты ардагерлер,мереке қонақтары!
Баршаңызды бүгінгі төл мерекеміз-Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»,-деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Олай болса, ұстаздардың еңбегі тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін мәпелейтін, қоғамды ілгері бастыратын бірден-бір күш екенін аңғарамыз.
Құрметті ардагерлер!

Сіздер осы Абай атындағы мектепте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, талай жастарды қанаттарын қатайтып, үлкен өмірге бір кірпіш болып қалануына бағыттадыңыздар. «Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады», - деді мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Токаев тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде. Сіздердің осы ұлттық мектепте ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіре отырып, атқарған еңбектеріңіз-бүгінгі ұрпақтардың бойынан жарқын көрініс табуда. Сіздердің салған жолдарыңыз осы мектептің бүгінгі ұстаздарымен жалғастырылуда. Бүгінгі «Ұстаздар күні» мерекесінде Сіздерге ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Әрқашан өсірген шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Құрметті ұжым!
Ел басының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел экономикасын дамыту стратегиясын жүзеге асыру жас ұрпақтың алған біліміне тікелей байланысты делінген.
Сондықтан да қазіргі елімізде жүріп жатқан жаhандану дәуірінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше болып отыр. Білімі терең, ойы озық, «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақты тәрбиелеу-бүгінгі күннің негізгі міндеті.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, осы жолда табысты еңбек етіп, лицей оқушыларын олимпиадалар мен әртүрлі білім бәсекелерінде ел алдына шығарып жүрген мұғалімдерімізбен біз әркез мақтанамыз. Атап айтсақ,
Президенттік олимпиадада оқушылары жүлделі орындарды иеленіп жүрген мұғалімдер: Алибиева А.Б, Иманбекова Б.Б., Мұқамеди Р.С, Садыканова Б.Ж., Коккозова Н.А, Рахимова Ж.Т.
Облыстық пәндік олимпиадаға оқушыларды сапалы дайындаған мұғалімдер: Алибиева А.Б., Тускеева А.М., Коккозова Н.А., Балтабай А.С.
Облыстық «Жетістіктер элементі» жобасының бас жүлде иегері Садыканова Б.Ж.,
Республикалық, облыстық авторлық бағдарламалар конкурсының жеңімпаздары: Шармуханбетова Ж.А., Искакова Г.Б., Жортарова Н.Н., Оразахимова А.Б., Қазақбаева А.Т., Байтурғанова М.С., Дауренбекова А.А.
Республикалық және облыстық көлемде инновациялық шебер сынып ұстаздары: Коккозова Н.А., Алибекова Г.Е., Стамбекова Ш.Д, Байкулова К.М.
Қалалық «Жыл мұғалімі – 2019» байқауының жеңімпазы Оразахимова А.Б, «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі - 2019» байқауының ІІІ орын иегері - Байсакалов С.У.
Ұстаз мамандығы қай қоғамда да, қай заманда да қадірлі де құрметті бола білді. Ал бүгінгі күні мемлекет тарапынан ұстаздарға деген құрмет, оларды қорғау, материалдық жағдайларын жақсарту, күн талабына сай білім беру үшін қажетті жағдайлар туғызып, инновациялық МТБ-мен қамтамасыз ету мәселелерінің жүзеге асып жатқанына өзіміз куә болудамыз. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.
Қоғамдағы осындай тың серпілістер бізді қуаттандырып, жаңа биіктерге құлшындырады.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және еліміздің ұлағатты ұрпақтарын тәрбиелеу жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Сіздердің отбасыларыңыздың берекелі, ұжымдарыңыздың мерекелі, көңілдеріңіздің шуақты, денсаулықтарыңыздың қуатты, істеріңіздің алтын, жүздеріңіздің жарқын болуына, жүректеріңізге нұр, қадамдарыңызға гүл бітуіне шын жүректен тілектеспіз.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру