Қыздардың есімдері мағынасымен


Уазипа...... Уәсима
УӘЗИПА - араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем.
УӘСИЛА - араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
УӘСИМА - араб тілінен алынған вәсимә — әдемі, сұлу, сүйкімді, жылы шырайлы.
Ұлбала...... Ұрқия
ҰЛБАЛА - қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.
ҰЛЖАН - ұл баласы аз немесе жоқ ата - ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.
ҰЛПА - қазақ — жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалықтың символы.
ҰЛФАТ - араб тілінен — достық, махаббат.
ҰРҚИЯ - араб тілінен алынған рукия — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.
Үмігүлсім...... Үрия
ҮМІГҮЛСІМ - араб тілінен - Гүлсімнің анасы, туысы; монтиған, томпиған бүйрек бет.
ҮМІТ - иран тілінен алынған — омид — сенім, тілек, қалау.
ҮРИЯ - араб тілінен алынған хория — хор қызы, сұлу, көркем.
Фазила...... Фируза
ФАЗИЛА - араб тілінен алынған — аса қадірлі, құрметті қыз (әйел); сый, құрметке лайық, тамаша кісі. Өзгерген түрі — Бәзила.
ФАРИДА - араб тілінен — інжу, маржан; теңдесі жоқ, сирек зат.
ФАРИЗА - араб тілінен — міндет, борыш.
ФАТИМА - араб тілінен — емшек сүтінен айырған қыз, ер жетіп, өскен қыз. Өзгерген түрі — Батима.
ФАУЗИЯ - араб тілінен — жеңуші, жеңімпаз; салтанат.
ФИРУЗА – иран және тәжік тілдерінен — бақытты, ырысты; нұр шашушы.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу