Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.10 - көкжиекке бұрыш жасай/параллель лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;
Сабақ мақсаттары: - Көкжиек бойымен лақтырылған дене қозғалысының ерекшеліктерін біледі;
- Көкжиек бойымен лақтырылған дене қозғалысын сипаттай алады;
- Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған қозғалысты сипаттайтын формулаларды біледі;
- Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған қозғалысты сипаттайтын формулаларды қолданып есеп шығару дағдысын қалыптастырады;

Сабақ басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыру,
- оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

(T) Симуляция.: Зеңбіректен атылған оқтың ұшу биіктігі мен ұшу қашықтығы қандай шамалардан және қалай тәуелді?

(W) Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің ауырлық күші әрекетінен қозғалысын қарастыру.

Оқушылар тартылыс өрісіндегі қозғалысты сипаттау үшін кинематикалық теңдеулерді жазады.

(I f) 1) Неліктен көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясы қисайып, парабола тәрізді болады?
2) Неліктен ауада дененің ұшу биіктігі (H) мен ұшу қашықтығы (L) есептеулер арқылы алынған мәнінен аз болады?

3) Кестеде горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу кезінде алынған мәліметтер берілген.

t,c 0 0,45 0,9 1,35 1,8 2,25 3,15
x,м 0 1,42 2,85 4,27 5,69 7,12 9,96
y,м 50 48,99 45,95 40,89 33,80 24,69 0,39

а) осы мәліметтерді пайдаланып, у-тің х-қа тәуелділік графигін тұрғызу;
b) дене лақтырылған биіктікті анықтау;
с) дененің ұшу қашықтығын анықтау;
d) дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.

4) Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайтын графиктер көрсетілген. Осы графиктерді пайдаланып, анықтау:
а) дене лақтырылған биіктікті;
b) дененің ұшу қашықтығын;
с) дененің ұшу уақытын;
d) дененің бастапқы жылдамдығын.

5) Кестеде көкжиекке (горизонтқа) 300 бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу кезінде алынған мәліметтер мен ұшу биіктігінің ұшу қашықтығына тәуелділік графигі берілген.
t,с 0 1 2 3 4 5 6 6,12
х,м 0 52 104 155,9 208 259,8 311,8 318
у,м 0 25 40 45,86 42 27,43 3,517 0,004

і) Анықтау:

а) дененің максимал көтерілу биіктігін;
b) дененің ұшу қашықтығын;
с) дененің ұшу уақытын;
d) дененің бастапқы жылдамдығын.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру