Қазіргі замандағы физиканың рөлі 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Қазіргі замандағы физиканың рөлі 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы физиканың рөлі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың ролі туралы тұжырым жасау және өз ойын дәйектеу.
Сабақ мақсаттары: Физиканың адам өміріндегі ролін бағалау және түсіне білу.

Оқушылармен амандасу, қатыспағандарды белгілеу.
Миға шабуыл:
Видео қарау және оқушылармен талқылау жасай отырып, келесі сұрақтарға жауап алу:
- ХХ ғасырдың ғылыми техникалық революциясы деген не екендігін білесіңдер ме?
- Қандай жаңалықтар физика пәніне қатысты болды?
- Видеода көрсетілген ХХІ ғасыр жағалықтарымен танысып өттік, бұлардың қайсысы физикаға қатысты болып табылады?
Мұғалім: «Байқап отырғандарыңдай ғылым мен өркениеттің дамуы физикамен тығыз байланысты болып келеді. Ал енді, біз сендермен осы тұрғыда біраз мәлімет жинап, басқалармен бөлісіп, тақырыпты тереңірек аша түсейік»

Топтық жұмыс жасау.
Оқушыларды топқа бөле отырып, төмендегі тақырыптар бойынша презентация дайындауға жетелеу.
Ескерту: қажетті материалды мұғалім өзі алдын ала дайындап беруіне болады, алайда оқушылар өздері ғаламтор желісінен іздеген тиімді болады.
Тақырыптар:
- Физика және компьютер
- Физика және космонавтика
- Физика және ғылыми техника
- Өңдіріс пен ауыл шаруашылығындағы физика.
- Физикадан нобель сыйлықтары
Презентацияны бағалау критерийлері:
- Мазмұны.
- Қолжетімділігі.
- Рәсімделуі.
- Қорғау.
Презентацияларды қорғау:
Әрбір топқа жұмыстарын қорғау үшін 2 минут уақыт беріледі. Басқа топ оқушылары келесі кесте бойынша бағалайды.
топ Мазмұны Қолжетімділігі Рәсімделуі Қорғау барлығы
Егер критерий:
- толық ашылса 2 б;
- жартылай ашылса 1 б;
- мүлде ашылмаса 0 б.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру