Бірлігі жарасқан ел


Авторы: Дорогинка негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рахымжанова Айша Айқынқызы.

Бірлігі жарасқан ел
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Иә, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Бәрімізге белгілі кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Сол үшінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз.
... Қазақ осы — айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы — аңғал - саңғал жабусыз,
Қазақ осы — ағыл - тегіл, көл - көсір.

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін.
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін... - деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздер мен біздерге мәлім.
Былтырғы жыл Елбасымыздың жарлығымен «Ассамблея жылы» болып жарияланды. Өйткені былтыр Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына - 20 жыл толды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы бір жылды өміріміздегі ең маңызды құндылықтар: Тәуелсіздік, еркіндік, бірлік, Қазақстан халқының бейбітшілігі келісіміне арнайтын боламыз. 20 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, шын мәнінде, жалпы халықтық, жалпы азаттық орган болып қалыптасты, Конституциялық дәрежеге жетті. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы – біздің ортақ мерекеміз, барлық 17 миллион қазақстандықтың ортақ ісі. Әрбір азамат еліміздегі бейбітшілік пен туған жеріміздегі келісім алдындағы жауапкершілігін толық сезінуі тиіс. Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы. Бұл жыл ортақ тарих пен тағдырға біріккен халықтық мереке. Қазақстан – біртұтас ел, біртұтас халық, ортақ тағдыр» деген болатын.
Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ. Халқымызға – ынтымақ, елімізге – молшылық, әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілеймін. Достықтың берекесі артып, татулықтың туы биіктей берсін» Мереке құтты болсын!


Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу