Баскетбол техникасы. Ойын кезінде допты қолдана білу


Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Денсаулықтарын анықтап алу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Жалпы дене жаттығулары:
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
- екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру
- екі қол белде өкшемен жүру
- қол желкеде жартылай отырып жүру
- қол тізеде толық отырып жүру
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар
- тізені жоғары көтеріп жүгіру
- өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру
- аяқтың басын алға сілтей жүгіру
- сол, оң қапталмен қолды айналдыра жүгіру
Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан – жан жағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады.
Оқушыларды сапқа тұрғызып екі командаға бөліп кезекпен допты алып жүруді орындату. Допты алып жүруді жақсы орындаған оқушыны қайталатып алып жүргізіп көрсету.
Ара - қашықтығы 2 метрден қойылған кеглилердің арасымен допты кезекпен алып жүру.
Оқушыларды сапқа тұрғызып санату арқылы екі командаға бөліп ережесімен баскетбол ойнату.




Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу