Сағыз салмақ тастауға қалай көмектеседі

Сағыз салмақ тастауға қалай көмектеседі

Дәрігер- диетолог сағыздың денсауыққа пайдасы мен қаупі жайлы айтты деп хабарлайды nur.kz Росбалт сайтына сілтеме жасап.

Мәскеулік Денсаулық сақтау департаментінің бас штаттан тыс диетолог-дәрігері Антонина Стародубованың айтуынша, сағыз салмақ тастауға көмектеседі.

Себебі, сағыз шайнаған кезде адам тәбетін басқара алады және шайнау бұлшықеттері жақсы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, маман сағыз күйзелісті жеңуге көмектесетінін, өйткені оны шайнау кезіндегі қозғалыстар эмоционалды жағдайды тұрақтандыратынын атап өтті.

Сағыз ауыз қуысына да пайдалы екен, өйткені ол ауыз қуысында бактериялардың көбеюін тоқтататын көрінеді.

Маман сағызды жиі және ұзақ шайнау артикуляцияны бұзатынын және бас ауруын тудыруы мүмкін екенін де еске салды. Дәрігер қантсыз сағызды алуға кеңес береді.

Сарапшының сөзінше, бір күнде сағызды 30 минуттан көп шайнамаған дұрыс.

Ақжелкек пайдалы антибактериалды өнім ретінде бұрыннан белгілі. Бұрындары оны суықтан емдеу үшін балмен бірге ішкен. Алайда, мамандар коронавирус инфекциясы кезінде халық емінің тиімсіз екенін айтады.

30 күн сағыз шайнаса не болады?

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу