Омыртқалы және омыртқасыз ағзалардың құрылыс ерекшеліктері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

 Омыртқалы және омыртқасыз ағзалардың құрылыс ерекшеліктері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу
Сабақ тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз ағзалардың құрылыс ерекшеліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.1.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды ажырата алады;
Оқушылардың көпшілігі:
Омыртқалы және омыртқасыз жануарларға тән негізгі анықталатын белгілері бойынша сипаттама бере алады;
Кейбір оқушылар:
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың атын атап, құрылысы ерекшеліктерін негізге ала отырып, өз пікірлерін дәлелдей алады.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Ынтымақтастық орта құру: «Түрлі түстер терапиясы» - арқылы оқушылардың сабаққа ынталылығын арттыру. Әрбір оқушы түрлі түстерді таңдап, себебін түсіндіреді.

жасыл (белсенді)
көк (пассивті, көңілсіз, шаршау)
күлгін (мазасыздық, үрей)
қара (жабырқау , мойындамау)
қоңыр (сенімсіздік)
қызыл (қуаныш, шаттық)
сары (сабырлылық)
сұр (қынжылу).

Негативті сезімдерді бейнелейтін түстерді таңдаған оқушыларды жақсы тілектер айту арқылы сабаққа ынталандыру.

Сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтайды. Ол үшін оқушыларға омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ылғалды препараттары мен суреттерін ұсынып, оларды топтастыру арқылы сабақтың мақсаты анықталады.
Жетістік критерийлерімен таныстыру.
Топтық жұмыс (Оқушылар сабақтың басында таңдаған түстері бойынша, яғни актив және пассив түстер араласып топ құрайды). Топқа тапсырма: Не себепті жануарлар осылай топтастырылған ? Себебін түсіндіріңіздер... Оқушыларға Оқушылардан омыртқалылар мен омыртқасыздар арасындағы айырмашылықты сипаттауларын сұрау. Ол үшін оқушыларға омыртқалы жануарлардың ылғалды препараты беріледі.Оқушылар жәндіктер мен жануарлардың препарттарына қарай отырып айырмашылығына топпен ақылдасып сипаттама береді. Олар сынып әр түрлі идеяларды салыстыра алуы үшін өз жауабын шағын тақтаға жазулары тиіс.
Видеодан өз қателіктерін тауып, толықтырады.
Жұптық жұмыс: Оқушыларға әр түрлі жануарлардың суреттері бар карточкалар таратылады. Берілген жануарларды атап, сол жануардың қозғалыс мүшесі мен тіршілік ортасын дәптерге жазады.
Жеке жұмыс: Қабілеті жоғары оқушылар үшін: Оқушыларға 5 мин ішінде мүмкіндігінше көп жануарлардың атауын жазу тапсырмасын беріңіз. Олар оны екі тізімде жазулары тиіс: «омыртқалылар» және «омыртқасыздар».
Қабілеті орташа оқушылар үшін: «Кім жылдам?» ойынын өткізу.
Берілген жануарларды топтастырып жазыңдар :
1.Кептер, 2.ит, 3.құмырсқа, 4.жауын құрты, 5.кесіртке, 6. жылан, 7.көбелек, 8.Маса, 9.маймыл, 10.өрмекші,11. балық, 13.шаян, 14.теңізжұлдызы,15.қой
Омыртқалылар Омыртқасыздар.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру