Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар


Жердің құрылысы туралы қазірге бізге белгілі деректер жер қыртысының үстінгі қабаттарын тікелей бақылау және сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама мәліметтер.  Осы деректерге байланысты Жер негізгі үш геосферадан тұратынын бәріміз білеміз. Олар: Жер қыртысы, мантия және ядро. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын осы үш қабат бірінен кейін бірі алмасып келеді. 
   Жер қыртысы деп – литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар, яғни гидросфера, жерден жиырма шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Зерттеу барысында жер  қыртысың бар болғаны 15  километрге дейінгі тереңдігі ғана бұрғыланып, оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған.
    Жердің келесі қабаты  жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатқан мантия қабаты. Мантия басқа қабаттарға қарағанда жер көлемінің және салмағының  зор бөлігін алып жатыр. Мантия негізінен жоғарғы және төменгі мантияға бөлінеді. Жоғарғы мантияның      километр тереңдігінде астеносфера деп аталатын қабат орналасқан. Астеносфераны  құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді, сол себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды, магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді. 
   Мантиядан төмен орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атаймыз. Құрылымы жағынан ядро бірін-бір көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады. Америкалық геофизиктер Р.Кохе мен  Л.Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам жасады. 
 Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. Бір аумақтың өзі бір көтеріліп, бір шөгеді. Ал осы жер қыртысының қозғалысы әсерінен бірнеше ғасырдың ішінде құрлықтың биіктігі және пішіні қатты өзгеріске ұшырайды. Ғалымдар картаға түсіру барысында Солтүстік Америка мен Еуропаның Атлант мұхитымен іргелес солтүстік бөліктері жаппай көтерілуде екенін, ал Еуропаның Жерорта теңізі аймығы шөгіп бара жатқанын аңғарған. Осының әсерінен жер қыртысында жыл сайын мыңдаған  жер сілкінулері болып турады. Бұл үлкен әлеуметтік мәселе болып табылады, сондықтан оны зерттеудің зор мәні  бар. Жерсілкінуді зерттеу жұмыстарымен арнаулы ғылыми мекемелер айналысады. Түрлі зерттеулер жер сілкінуінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі Жер қабығының қозғалмалы алқаптарында шоғырланғандығын көрсетеді. Жер сілкіну құбылыстарының адам үшін ең қорқыныштысы – оның тұтқиылдан болатынддығы. Сондықтан, қазіргі кезде ғалымдар жер сілкінудің болатын уақытын алдын ала болжау жолдарын іздестіруде.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру