Мен және қоғам (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Мен және қоғам (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Мен және қоғам
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.3 Қоғамда қабылданған әдептілік ережелерін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• қоғамдық орындарда қабылданған әдептілік ережелерін құру;

1. «Артығын тап» стратегиясы (ұжымда)
Оқушыларға кластерден артық сөзді тауып, себебін түсіндіру ұсынылады.

Талқылау жүргізіледі.
«Қоғам» ұғымы енгізіледі.
Қоғам- бұл мүддесі мен мақсаты бір адамдардың бірлестігі.

2. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- қоғамдық орындарда қабылданған әдептілік ережелерін құру.
3. Мәтінмен жұмыс
«Мәтінді аяқта» стратегиясы (топта)
- Мұғалім оқушыларға мәтін таратады және оны талқылауды ұсынады. Оқушылар өз тәжірибелерінен, бақылауларынан мысалдар келтіреді және топта "қоғам" ұғымының мағынасын ашады.
- Мұғалім мәтін соңындағы сұрақтарға сүйеніп, мәтінді аяқтауды сұрайды.
- Дайын мәтіндер сағат тілі бойынша басқа топқа беріледі, онда оқушылар өз пікірлерін қалдырады.
- Оқушылардың пікірі бойынша үздік аяқталған мәтінді дауыстап оқиды және "3 шапалақ" әдісімен мадақтайды.

Бағалау критерийлері:
• Қоғамдық орындарды біледі;
• Қоғамдық орындарда әдептілік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінеді.

4. «Дымбілмес пен Білгішбектің дауы» тапсырмасы (жұпта)
Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Өзара Дымбілмес пен Білгішбектің рөлдерін бөліп алуды сұраңыз. Олар өз ұстанымдары бойынша диалог құрады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру